Атырау, 19 сәуір 05:11
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстанда ең көп тараған фамилия иелері анықталды

2 278 просмотра


«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Қазақстанда ең көп тараған фамилияларды атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Әділет министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ең көп таралған фамилия - Ахметов(а). Дәл осындай тегі бар адамдардың саны 73 627. Екінші орында - Омаровтар (45 123). Мені үшін үшінші орында тұрған күтпеген фамилия - Ким тегі болды. Қазақстанда осындай тегі бар 42 274 адам тұрады. Төртінші орында Оспановтар тұр (41 068). Ал бестікті жалпы саны 39 296 адамға жететін Ивановтар тұйықтаған. Әрі қарай Әлиевтер - 36 084 адам, Сүлейменовтер - 33940 адам, Ысқақовтар - 31 988, Әбдірахмановтар - 29 091, Ибрагимовтер – 28 755, Қалиевтер – 28 219, Садықовтар – 27 810, Ыбыраевтар – 26 531, Кузнецовтар – 25 990 адам, Поповтар – 24 956, Смағұловтар – 24 005, Абдуллаевтар – 23 729, Исаевтер – 22 910, Сұлтановтар – 22 808, Юсуповтар – 22 763 адам, Ысмаиловтар – 21 392, Нұрғалиевтер – 21 133, Кәрімовтер – 20 575 адам. Сонымен қатар, айта кетейін, Қазақстанда Мұрат деген фамилиясы бар 10 006 адам тұрады», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Дереккөз: Baq.kz

10 мамыр 2018, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.