Атырау, 24 сәуір 03:47
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Мәскеудегі парадта әскери қарудың жаңа түрлері көрсетілді

3 597 просмотра


Бүгін Ресей қалаларында Жеңіс күніне арналған шаралар өтіп жатыр. Мәскеуде әскери техника мен сарбаздардың қатысуымен парад өтті. Онда Ресей қарулы күштерінің кей жаңа қару түрлері көрсетілді. Парадқа қатысушылар арасында қазіргі кезде Сириядағы операцияға қатысып жатқан әскери полиция бөлімшелері де бар.

Мәскеудегі парадқа Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Сербия президенті Александар Вучич қатысты.

скери парадқа байланысты Мәскеу орталығында қозғалысқа шектеу енгізілді, Тверь көшесі коммуналдық қызмет көліктері мен полиция тосқауыл қойған.

Сонымен бірге бүгін Ресейдің көптеген қалаларында "Мәңгі өлмес полк" акциясы да өтіп жатыр. Кейінгі жылдары Ресеймен бірге постсоветтік кей елдерде Жеңіс күні өткізу дәстүрге айналған бұл шараға адамдар соғысқа қатысқан туыстарының суреттерін ұстап шықты.

Жеңіс күні Ресейде мемлекеттік мейрам әрі демалыс күні болып жарияланған. Мәскеу билігі биыл бұл шараға 600 миллион рубльден астам қаржы бөлуді жоспарлаған деп хабарлайды РБК басылымы. Бұл парадқа қатысқан әскери қызметкерлерге тігілген киім мен техниканың жанар-жағармайына жұмсалған қаржыны есептемегендегі сома.

1945 жылғы мамырдың 9-ы күні (Мәскеу уақытымен сағат 01:01-де) нацистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгетіні туралы актіге қол қойылып, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған. Кей мәліметтер бойынша, бұл соғыста құрбан болған 50 миллионнан астам адамның 27 миллионы – СССР азаматтары.

Батыс елдерінің көбі екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс мерекесін мамырдың 8-і күні атап өтеді.

Жеңіс күні мейрам және демалыс болып белгіленген Қазақстанда да бүгін мерекелік шаралар өтті.

Дереккөз: azattyq.org

9 мамыр 2018, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.