Атырау, 20 сәуір 18:57
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ресей АҚШ санкцияларына көп ұзамай жауап қайтаратынын мәлімдеді

1 663 просмотра


Мәскеу Американың жаңа санкцияларына көп ұзамай жауап беретінін мәлімдеді. РФ СІМ бұл жағдайда «динамикалық» жауап керектігін алға тартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков РИА Новости порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Меніңше, бұл маңызды заң жобасының кестесі ұзаққа созылмайды – ситуация бар күш-жігерімізді жұмсауға мәжбүрлеп отыр. Біз дәл қазір не және қашан болатынын білмейміз. СІМ саяси көзқарасы тарапынан мұның барлығының динамикалық жолмен жүзеге асуы керектігін көріп отырмыз», - дейді Рябков.

Жұма күні Дума фракциялары жетекшілері мен РФ Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин парламенттің төменгі палатасына АҚШ-тың Ресейге қарсы саясатына орай заң жобасын енгізді. Бұл заң жобасы негізінен америкалық ауыл шаруашылық, алкоголь және темекі өнімдерін РФ территориясына кіргізбеуді қарастырады.

Дереккөз: Baq.kz

16 сәуір 2018, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.