Атырау, 17 сәуір 02:54
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Үйсіз мәдениет

Сурет Бейнежазба
8 414 просмотра

Қызылқоға ауданындағы Қарабау, Тасшағыл, Мұқыр ауылдарында ондаған жылдардан бері мәдениет үйі жоқ. Түрлі іс-шараларды мектептерде және көшелерде өткізуге мәжбүр. Тасшағылдамәдениет үйі бұзылғанына бірталай болса, Мұқырда мәдениет үйі жекешелендіру кезінде сатылып кеткен.

- 2006 жылдан бері Мұқыр орта мектебінің акт залын өтеусіз жалға алып отырмыз. Өзіміз мектептің ішінде ауданы 2х2 метр тар бөлмесінде отырмыз. Ал ауылда 3 мыңға жақын халық тұрады, -дейді Мұқыр ауылы мәдениет үйінің директоры Асқар ИСЕНҒАЛИЕВ.

Ал Қарабау ауылындағы екі қабатты 400 орындық Есбай мәдениет үйі 2009 жылы апатты деп танылып жабылған. Қазір бұл қираған ғимарат тұрғындар үшін қорқынышты орынға айналып отыр. Ал балалар болса осы ескі орынға үйір.

Қанат ХАЙРУЛЛИН


- Жыл сайын ғимаратты бұзуға белгілі бір сома бөлінеді. Бірақ мердігер табылмады,- дейді Қызылқоға округінің әкімі Қанат ХАЙРУЛЛИН.

Роза БҮРКІТ

- Біз осы әкімшіліктің осы тар бөлмесінде кейбір шараларды өткізуге мәжбүрміз. Мектеп үнемі бере бермейді, онда тек мереке күндерге байланысты бұқаралық шараларды ғана өткіземіз. Жазда даладағы алаңда өткізіп жүрміз. Ауылға мәдени ошақ керек,-дейді мәдениет үйінің директоры Роза БҮРКІТ.

Осындағы кітапхананың да күйі кеткен. 1990 жылдардан бері кітапхананың материалдық базасы жаңартылмаған. Оқырмандар үшін пайдаланатын ескі үстелдер сынған. Кітапханашы Алмагүл УТЕНОВАНЫҢ айтуынша, билік мәселемен таныс.

Алмагүл УТЕНОВА


Қызылқоға ауданы әкімі орынбасары Бекнұр ӘЖІҒАЛИЕВ былай деп түсінік берді:

- Мұқырда өткен жылдан бастап 400 орындық жаңа мәдениет үйі салынуда. Биыл мердігер бітіруге жұмыстанып жатыр. Ал Тасшағылдағы мәдениет үйіне жобалық сметасы жасалып, сараптамадан өтуде, Қарабауға 300 орындық мәдениет үйінің жобалық сметасы жасалған болатын. Оның мерзімі былтыр бітіп кетті, енді оған жаңалап өзгеріс енгізу жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

16 сәуір 2018, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.