Атырау, 19 сәуір 07:44
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қазақстанда ұсталған қырғыз депутатының қос азаматтығы болғаны анықталды

2 339 просмотра


Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты Жогорку Кенеш Дамирбек Асылбек уулуның қос азаматтығы бар екені анықталды. Бұл туралы K-Newsбасылымына құқыққорғау органдарынан сенімді дерек көздері айтқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қырғыз республикасының депутаты Қазақстан азаматтығын 2010 жылы 7 сәуірде болған оқиғадан кейін алған.

«Қазақстан билігі Дамирбек Асылбек уулуны өзінің азаматы ретінде соттай алады», - дейді дереккөзі.

22 ақпан күні Қырғызстанның Сыртқы істер министрі депутатта Қазақстан азаматтығы бар екенін растады. Сол себепті, ол Қазақстан азаматы ретінде сотталады. Мұнымен қатар, ҚР заңы басқа азаматтығы бар адамдарға парламент депутаты болуға тыйым салады. ҚР Орталық сайлау комиссиясы оны мандатынан айыруы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы соты Қырғызтан парламентінің депутаты, Қазақстанда «тауар контрабандасына қарсы» операция барысында ұсталған Дамирбек Асылбек уулын қамауға санкция берді. Жергілікті ақпарат агенттігінің сотқа сілтеме жасап хабарлауынша, Асылбек уулу Алматының Алмалы аудандық сотының 17 ақпандағы санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Соттың хабарлауынша, қамаудағы депутат «мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамның Еуразия экономикалық одағының шекарасы арқылы тауар немесе басқа да заттарды ірі көлемде алып өтуі» және трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу» күдігіне ілінген.

Дамирбек Асылбек уулымен бірге ұсталып, екі айға қамалған Қырғызстанның тағы екі азаматы Уланбек Мурадилов пен Чынгыз Абакиров «экономикалық контрабанда» және «трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық топты құру, басқару және оларға қатысу» баптары бойынша күдікті деп танылған.

18 ақпанда Қазақстан бас прокуратурасы елдің оңтүстік облыстарында жүргізілген арнайы операцияда 35 адам ұсталып, олардың 33-і қамалғанын хабарлаған.

19 ақпан күні Дамирбек Асылбек уулының парламенттегі «Қырғызстан» фракциясының әріптестері депутаттың ұсталғаны туралы ақпарат фракция үшін «күтпеген жағдай» болғанын мәлімдеген.

Дереккөз: Baq.kz

22 ақпан 2018, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.