Атырау, 29 наурыз 16:23
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Бір жолаушы артық"

Сурет Бейнежазба
4 250 просмотра

Облыстық ІІД-нің жол-патрульдік полицейлерінің Атырау-Доссор жолында ұйымдастырған «Автобус» рейдтік іс-шарасына «АЖ» тілшісі қатысып қайтты.

Қаладан 15 шақырым ұзағанда Қарабатанға жұмысшылар таситын Hyundai автобусы тоқтатылды. Тексеру кезінде инспекторлар көліктің жүк салғышынан заңсыз орнатылған жылытқыш пешін тапты. Көліктің қайта жабдықталғаны туралы көлік құжатында көрсетілмеген екен. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы, 7-тармағымен (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару) хаттама толтырылып, мемлекеттік нөмірі түсірілді. Сонымен қатар, салонның ішіндегі автобус жолаушыларының жүргінші жолын тамақ өнімдерімен толтыруына қатысты ескерту жасалды.

Атыраудан Миялы ауылына жолаушылар алып бара жатқан жерінен тоқтатылған 8 орындық Уаз автокөлігінің салонында бір адамның артық отырғызылғаны белгілі болды. Көлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабы 1 тармағы (Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау) бойынша хаттама толтырылды.

Тағы бір тоқтатылған «Газельдің» құжатында  жолаушы тасымалдауға арналғаны көрсетілгенімен, салонда орындықтары жоқ болып шықты. Жүргізуші линолеум төсеу үшін орындықтарды алып тастағанын айтқанымен, салынатын айыппұлдан құтқармады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-тармағымен хаттама толтырылды.

- Көлік иесі көлігін қайта жабдықтаған болса, айрықша белгілерін заңдастырып, көлік тіркеу құжатында көрсетуі керек. Мұндай жағдайлар автобустарда көп кездесуде,- дейді жол-патрульдік полиция инспекторы Әділбек ШАХМЕТОВ.

Жол қозғалысын қадағалау, ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы Бауыржан САРСЕКЕНОВТЫҢ айтуынша, 22-қаңтардан бастап облыс көлемінде жүріп жатқан «Автобус» жедел алдын алу іс шарасы кезінде бүгінге дейін 781 заң бұзушылық анықталған. Оның 20-сы автокөлікті қайта жабдықтау (газ, жылытпа пеш т.б.), көлікті басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу - 140, жылдамдықты асыру фактілері - 80.


Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Cуреттер мен видеоны түсірген автор

19 ақпан 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.