Атырау, 25 сәуір 08:47
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​​Күрд қарулы күштері 19 елден қару-жарақ алады

2 583 просмотра

Анкара билігі бөлшектеуші террорлық ұйым деп есептейтін PKK/PYD немесе YPG қарулы тобын кімдердің қаруландырып отырғаны туралы талас тартыс көп. 

Сүрияның Африн аймағына кірген Түрік қарулы күштерінің бір сауытты танкын күрд қарулы күштері жағынан күйретілді. Осыдан кейін Түркия жақ аталмыш ұйымдардағы қару-жараққа еріксіз назар аударуына тура келді. 

Бұған дейін Түркия үкіметі Халықтың өзін қорғау армиясы (YPG) деп аталған күрд қарулы жасақтарын АҚШ үкіметі қару-жарақпен қамдайды деп келген. 

Жақында Түркия қарулы күштері жариялаған мәліметке қарағанда аталған қарулы топ 19 мемлекеттен қару-жарақ алатыны мәлім болған. Түркия тарабы көрсеткен 19 ел ДАИШ ұйымына қарсы күресуші халықаралық коалицияның мүшелері. Сондықтан Анкара билігі аталған ұйымға нақты қай елдің қару жеткізіп отырған тап басып айта алмайды. 

YPG ұйымы ДАИШ-ке қарсы күресте Сүрияның солтүстік аймақтарында маңызды күштің бірі болған. Түркия жақтың мәліметіне қарағанда YPG қолындағы қарулар стратегиялық және тактикалық қарулар болып бөлінеді. Түркия қарулы күштеріне қарсы стратегиялық қарулардың жұмсалып жатқанын алға тартты. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

12 ақпан 2018, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.