Атырау, 20 сәуір 06:13
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Президент креслосын монарх тағына айырбастау идеясы», «Қазақша сөйлемейтін шенеуніктер қазақты қалай басқарады?», «”Әбу-Даби Плазада” дау неден шықты», «Олар қаптап жүр…», «500 теңге дауы: Ұлттық банк Qamshy.kz порталының сауалына жауап берді».

2 126 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Президент креслосын монарх тағына айырбастау идеясы» -Қазақстанда тағы да монархия орнату идеясын ұсынатындар шыға бастады. Бұл жолы жас ақын Балтабек Нұрғалиев осындай ұсыныс тастады. Бірқатар қазақстандық БАҚ-қа сұхбат берген Нұрғалиев «елді тек Назарбаевтар династиясы басқаруы керек» деп мәлімдеді. Азаттық Қазақстанда монархия орнатайық деген басқа да бастамашыларды еске түсіріп, бұған қатысты сарапшылардың пікірін тыңдады.

«Кеден басшысы ауысқаннан кейін түсім де ұлғайды» - Өткен айда Қырғызстанда жиналған төлем көлемі күрт ұлғайған. Ош кеденінде түсімнің 10 есеге өскені белгілі болды.

«Сирияға кетпек болған әйел тоғыз жылға сотталды» - Тоғыз жылға сотталған қарағандылық тұрғын Жансая Таңатарова билікке ұстап беру үшін әлдебір содырды іздеуге бел буғанын мәлімдейді. Айыптаушы тарап сотталушының куәліктеріне сенуге болмайды, оның айтқандарын қорғану амалы ретінде бағалау керек деп санайды.

QAMSHY.KZ. «Қазақша сөйлемейтін шенеуніктер қазақты қалай басқарады?» -Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асса да, қазақ тіліне мұрнын шүйіре қарайтындар бар. Әсіресе, коммунистік партияның шекпенінен шыққан шенеуніктер мен солардың ізіне ергендер мемлекеттік тілде сөйлеуді мүлде қажет етпейді. 

«500 теңге дауы: Ұлттық банк Qamshy.kz порталының сауалына жауап берді» - 2017 жылы айналымға енген 500 теңгелік банкнот халықтың қолына тимей жатып сынға ұшырады. Ақшада бейнеленген көгершіндер кәдімгі шағала болып шыққан. Оның өзін ақша шығарушылар шетелдік фотографтардан ұрлаған деседі. Алайда Ұлттық Банк мұны теріске шығарды.

RATEL.KZ. «”Әбу-Даби Плазада” дау неден шықты» - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылыс кешендегі жұмысшылардың жұмыстан шығып калуы олардың сауатсыздығынан деп түсіндірді.

«Жер – қазақтың қара шаңырағы» - Қара шаңырақты саудалап-бөлшектеу кешірілмес күнә саналған.

«Бишімбаевтың ісі бойынша прокурорлармен мәміле қабылданбады» - Сот прокурорлардың тұлғалармен жасаған мәмілесін қабылдамады.

 365INFO.KZ. «Олар қаптап жүр…» - Мәдениеттанушы, қытайтанушы Мұрат Әуезов Аспанасты елінің бүгінгі болмысы мен болашақтағы әрекетін дәл болжаған сияқты.


7 ақпан 2018, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.