Атырау, 22 қазан 13:14
Кешке бұлтты+9, түнде +7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 389.86  € 435.32  P 6.12

Үндістанда қауіпті инфекцияның тарауына байланысты туристерге ескерту жасалды

5 ақпан 2018 17:27


Мемлекеттің орталық аймағында кьясанур орман ауруының инфекциялары тарап жатыр. Аталған инфекция кене арқылы жұғады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kp.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресей билігі туристерге Үндістанның орталық аймағында қауіпті инфекция тарап жатқанын айтып ескерту жасады. Дәлірек айтсақ, кьясанур инфекциясы Махараштра штаты Синдхудуруг округінің үш ауылында тіркелді.

«2016 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығында осы ауруға шалдыққан 332 адамның бар екені анықталды. Олардың 19-ы қайтыс болған. Биыл қаңтарда қанша адамның бұл ауруға шалдыққанын Үндістан билігі құпия сақтап отыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Дәл қазір билік аталған аудандарда тұратын тұрғындарға вакцина салып, емдеу шараларын жүргізіп жатыр. Ресей билігі туристерден осы жағдайды ескеруді өтінді.

Дереккөз: Baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1034 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3

Последние новости