Атырау, 20 сәуір 01:26
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тірі екенін растамаған Бразилия Президенті зейнетақысынан айырылды

2 412 просмотра


Бразилияның Сан-Паулу штатының билігі қазіргі Президент Мишель Темерге зейнетақысын төлемей қойған. Себебі Мемлекет басшысы тірі екенін растайтын құжаттарды ұсынбаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Telam агенттігінің хабарлауынша, Президент Мишель Темер құжаттарды 2017 жылдың қыркүйегінде тапсыруы керек болған. Құжаттар уақытылы ұсынылмағандықтан, президентке қараша мен желтоқсан айларында зейнетақы төленбеген.

Темер зейнеткерлікке 1999 жылы Сан-Паулуда штат прокуроры лауазымында жүрген кезде шыққан.

Бразилия Президентінің әкімшілігі бұл оқиғаны құжаттарды тапсыруға уақыттың жетіспеушілігі себеп болды деп түсіндірді.

Төленбеген зейнетақы мөлшері әр айдың ішінде 45 мың реалды құраған (шамамен 15 мың доллар), бұл сома оның бұрынғы прокурорлық жұмысы үшін тағайындалған.

Дереккөз: Baq.kz

2 ақпан 2018, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.