Атырау, 18 сәуір 21:55
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Өз әйелін досымен бірге жабылып зорлаған: Астаналыққа қатысты сот үкімі шықты

2 790 просмотра


Елордалық қылмыстық істер жөніндегі сотта жабылып зорлау құрбаны болдым деп мәлімдеген 26 жастағы келіншектің ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі 3-тармағы ("Зорлау") бойынша айып тағылды. Сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. 

Ол жазасын барынша қауіпсіздендірілген колонияда өтейді. Еске салайық, Астананың 26 жастағы тұрғыны өткен жылдың жазында азаматтық некедегі күйеуі мен оның досынан зорлық көркенін мәлімдеген болатын. 

Әйелдің айтуынша, бұл қылмыс алдын ала жоспарланған.  "Мені жабылып зорлады. Өмірім үшін қорықтым да, үшінші қабаттан секіріп кеттім. Оқиға жалдамалы пәтерде болды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп тұрды. Олар өлтіріп, көміп тастайтынын айтып, қорқытты. Сондықтан мен секіріп кеттім", - деген еді 26 жастағы Саина. 

Секіріп кеткен қыз түрлі жарақат алыпты. Осы оқиға бойынша тергеу басталып, қазір іс сотқа жетті. 

Дереккөз: tengrinews.kz

18 қаңтар 2018, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.