Атырау, 19 сәуір 17:44
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астана әкімдігі ақтүтек бораннан қанша нысанға зиян келгенін айтты

1 698 просмотра


Кеше ауа райының қолайсыздығынан елордада 26 тұрғын үй кешеніне, 4 мектеп пен 3 балабақшаға зиян келді. Бұл туралы бүгін Астана әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кеше елордада ақтүтек бораннан төтенше жағдай жарияланған болатын. Бүгін төтенше жағдай тоқтатылды, мектептерде  сабақ жалғасып, қала тұрғындары күнделікті жұмысына кірісті. 

Бүгін Астана әкімдігі төтенше жағдайдан зиян келген нысандар бойынша толық мәлімет ұсынды. 

"Кеше боран салдарынан Астанада 26 тұрғын үй кешеніне, атап айтсақ Алматы ауданында – 4, Сарыарқа ауданында – 8, Есіл ауданында 14 тұрғын үйге зиян келді. Кейбір үйлердің фасады бүлінген, айналары сынған. Бұған қоса, 4 мектеп пен 3 балабақшаға да зиян тиді. Сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің шатыры ұшып кетіп, біраз шығын келтірілді. Дәл қазіргі таңда коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мен тұрғын күй кешені қызметкерлерінің арқасында келген шығын орнына келтіріліп жатыр. Бұдан бөлек, қаладағы 16 аялдамаға зиян келіп, 131 бағдаршам орнынан қозғалды", — деді Жүргенбаева.

Сондай-ақ, оның ақпаратынша, қала сыртына екі тәулік ішінде 82 мың куб қар шығарылған. Қар тазалау жұмыстарына 2 мыңнан астам жұмысшы тартылды. 

Жүргенбаева қолайсыз ауа райынан келген шығын сомасы әлі белгісіз екенін атап өтті. 

"Төтенше  жағдай болғаннан кейін алгоритм бойынша әкімдікте арнайы комиссия құрылады. Қанша шығын келгенін аталған комиссия қарастырады. Әзірге шығын сомасы белгісіз. Комиссия шешімін кейінірек хабарлайтын боламыз", — деді ол.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 қаңтар 2018, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.