Атырау, 29 наурыз 15:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қанат Сұлтанбековке қатысты сот үкімі шықты

3 164 просмотра


Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Қазақстан инжиниринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот Сұлтанбековті айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын барынша қауіпсіздендірілген мекемеде өтейді.  Қанат Сұлтанбеков пара алды деген айыппен биылғы қаңтарда сот алдына келген еді. 

Онымен қатар, тағы сегіз адам сот алдына келген болатын: Мәлік Сыздықов, Мұхтар Қарабеков, Айбек Бектұрғанов, Арсен Төлемісов, Қанат Байқадамов, Гиль Смолински, Мбэрэкрэхим Габдул-Кабиров және Гимран Бисенов. 

Бұл іс бойынша сот тыңдауы жабық тәртіпте, баспасөз өкілдерінсіз өтті. Мұның алдында сотталушылардың адвокаттары өтініш түсірген. Журналистерге үкім шығар кезде ғана сот залына кіруге рұқсат берілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


29 қараша 2017, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.