Атырау, 3 сәуір 09:40
Күндіз ашық+13, кешке +8
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 447.60  € 489.41  P 5.71

Қожайын қақпанға түсті

19 сәуір 2012 16:57

11 сәуірде қаржы полициясының қызметкерлері УГ 157/10 (қоныстану-колониясы) мекемесінің бастығы Бауыржан ДӘУІТӘЛИЕВТІ  ұстады.

- ДәуітәлиевҚР ҚК-нің 311 бабымен қарастырылатын пара алу күдігі бойынша қамауға алынды. Тергеу амалдары басталды, – деп хабарлайды  экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің штаб бастығы Қахарман ЖӘРДЕМОВ. Кейін қаржы полициясының таратқан баспасөз-релизінде айтылғандай, Дәуітәлиев бірнеше рет сотталғандардан жалпы сомасы 285 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен айыпталады делінген.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢайтуынша, сот Дәуітәлиевті қамауға алуға рұқсат берді.

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің бастығы  Дидар РАХЫМБЕРДИЕВ түсінік беруден бас тартты.

Сәния ТОЙКЕН

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1220 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: