Атырау, 25 сәуір 09:59
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Activ абоненттері «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде мобильді теңгерімінен қолма-қол ақшаны ала алады

PR
3 427 просмотра


«Кселл» АҚ мобильді қаржылық қызметтерді (MFS) дамытуды жалғастыруда.  Енді Activ абоненттері бүкіл Қазақстан бойынша «Қазпошта» АҚ 3400бөлімшелерінде өздерінің мобильді нөмірлерінің теңгерімінен ақшалай қаражатты ала алады. 

«Қазақстанның кез-келген «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен ақшалай қаражат алу мүмкіндігі біздің абоненттеріміз үшін олардың күнделікті өмірін одан да жеңілдете түседі. Біз «Қазпошта» АҚ-мен стратегиялық серіктестікке қуаныштымыз, бұл қазақстандықтарға арналған мобильді қаржылық қызметтер саласында цифрлық технологиялық шешімдердің жалпы қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе маңызды, себебі «Қазпошта» АҚ бөлімшелері Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерінде де бар. Осы қызметті іске қосу біздің абоненттеріміз үшін мүлдем жаңа мүмкіндіктерді ашады, өйткені қазіргі уақытта теңгерім тек қана мобильді байланыс ақысын төлеуге ғана емес, сонымен қатар клиенттердің күнделікті басқа да жұмыстарын шешуге арналған.. Біздің клиенттеріміздің игілігі үшін жетекші орынды сақтау үшін инновациялық өнімдерді дамытуға ерекше назар аударуды жалғастырамыз», - деп «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс пікір білдірді.

«Кселл» компаниясы 2015 жылдан бастап жалпы нарықта мобильді қаржылық қызметтерді белсенді түрде дамытуда. Қазіргі уақытта компания абоненттері әртүрлі ойын-сауық шаралары үшін мобильді нөмірлердің теңгерімінен билеттерді сатып ала алады, автотұрақтар үшін және Алматы қаласының қоғамдық көлікпен жол жүру ақысын төлейді. mobiMoney порталы арқылы тауарларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, онлайн-ойындар үшін төлем жасауға және басқа көптеген нәрселерді орындауға болады. 

«Қазір «Қазпошта» еліміздің тұрғындарына пошталық және агенттік қызметтер ғана емес, екінші деңгейдегі банктермен қатар, қаржылық қызметтер де ұсынады. Біздің кең таралған филиалдық желіміз бар, бұл ретте біздің клиенттеріміздің 70% ауылдарда тұрады. Біз банктермен және мобильді операторлармен тығыз байланыс орнатудамыз, «Кселл» компаниясымен бірлескен жоба «Қазпоштаның» барлық бөлімшелерінде, тіпті еліміздің ең алыс жерлерінде де мобильді баланстан ақша алуға мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандықтың «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесінен қажетті қызметтерін алуы үшін біз өз қызметтеріміз бен сервистерімізді одан әрі дамыта бермекпіз», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ қаржылық және агенттік қызметтер жөніндегі атқарушы директоры Айнұр Күнхожаева.

Қызметті іске асыру үшін техникалық шешімді Wooppay электрондық ақша жүйесі ұсынды.

"Мобильді қаржылық қызметтерді дамыту - біздің еліміздің цифрлы экономикасын қалыптастырудың маңызды элементі. Біздің әріптестерімізбен бірге жаңа, пайдалы өнімдерді жасай отырып, осы бағытты дамытуға белсенді түрде қатысуды жалғастырамыз деп жоспарлап отырмыз" – деп WOOPPAY (ВУППЭЙ) ЖШС қаржы директоры Хайрулла Джусупов өз ойын білдірді. 

Теңгерімнен қалай ақша қаражатын алуға болады:

1.  Activ мобильді нөмірінің теңгерімінен қолма-қол ақша алу бойынша операцияны жүргізу үшін «Казпошта» АҚ кез келген бөлімшесіне  Операторға жүгініңіз;

2.  Жеке куәлігіңізді беріңіз және ақша қаражаты алынатын телефон нөмірін айтыңыз;

3.  «mobiMoney» қысқа нөмірден осы телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама алыңыз;

4.  «Қазпошта» АҚ Операторына растау кодын және алынатын соманы айтыңыз;

5.  Оператор растау кодын тексергеннен кейін қолма-қол ақшалай қаражатты алыңыз.

Алу үшін комиссияны ескере отырып, алуға болатын ең аз сома 1 000 теңге, ең көп сома 96154 теңге. Бір нөмірден немесе бір клиенттен ақшаны алу үшін ай сайынғы лимит 100 АЕК (226 900 теңге).

Операция бойынша комиссия алған соманың 4% құрайды, ең төменгі комиссия - 150 теңге.

Қызметтің толық сипаттамасы mobimoney.kzтөлем қызметінде көрсетілген. 

12 қазан 2017, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған