Атырау, 20 сәуір 03:32
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Ұлтшылдардың билікке келуі қоғамға байланысты", "Бензин безгегі қайдан шықты?", "Әскери доктринаға күрестің «гибрид» тәсілдері ұғымы енгізілді", "RBK банктің техникалық дефолтқа ұшырағаны рас па?.."

2 042 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ұлтшылдардың билікке келуі қоғамға байланысты" - Қазақ мәселесінде даусы анық шығып, айтар сөзін іркіп көрмеген саясаттанушы Расул Жұмалы «Қазақұлтшылдығы қандай болу керек?» жобасында қазіргі қазақ ұлтшылдығы, билікпен ұлтшылдардың арақатынасы, саяси мәдениет төңірегіндегі ойларымен бөлісті.

"Бензин безгегі қайдан шықты?" - Сонымен, астында темір тұлпары бар барша қазақты бірнеше күн әбігерге салып, әп-сәтте бейшара күйге енгізген «бензин безгегінің» себептері мен салдары неден шықты?

"Қаржы қайда, жол қайда?" - Жақында еліміздің үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың атышулы пікіріне байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Жоқ, біз бұл жерде ағайынды екі елді ғана емес, осы екі елдің өз ішін де екіге бөлген даулы мәселе туралы әңгіме қозғағалы отырған жоқпыз. Бізсіз де бірі мақтап, бірі даттап, боқтаудан бастап, саяси сараптамаға дейін жасап, болжамдар айтып жатқандар аз емес. Үкіметбасының ұзын сонар мәлімдемесінде бізді елең еткізген «Біз ұзындығы 2800 шақырым болатын «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» Трансконтиненталдық магистралінің қазақстандық аумағының құрылысын толығымен аяқтадық» деген бір ғана сөйлем.

AZATTYQ.ORG. "Әскери доктринаға күрестің «гибрид» тәсілдері ұғымы енгізілді" - Жаңа әскери доктринада Қазақстанға қарсы қолданылуы мүмкін «күрестің гибрид тәсілдері» туралы ұғым енгізілді. Бұл өзгеріс Ресей Қырымды аннексияланнан үш жылдан кейін пайда болды, бірақ ол оқиға жайлы қазақстандық доктринада бір сөз жазылмаған.

"Татарстанның «ұлттық картасы»" - Биыл күзде қоғам назары Татарстанның егемендігі, ұлттық сана-сезім, Қазан мен Мәскеу арасындағы қатынастар тақырыбына ауды. Республика билігі бұл көңіл-күйді барынша қолдап отыр.

QAZAQTIMES.COM. "Сайдулдин Тілеуберді: Руластыққа трайболистік сипат беруге тырысатындар отаршылдар мен солақай саясатшылар" - Қазақтың рулық қауымдастығы трайболизм емес, оның қайдан шыққанын, мекенін анықтайтын төлқұжаты еді. Өйткені жерге ру бойынша қоныстанып, иелік жасап, дұшпаннан қорғады. Тұрақты армия болмаған жағдайда әр ру белгілі мөлшерде әскер шығарып, жабдықтап, жаттықтырып қазақтың қосынына қосатын. Руын білу бөлектену емес, тегін білу, аталасына үйленіп, қан араластырмай генофонының тазалығын сақтау. Басқа рудың адамдарын нағашы-жиен, құда-жекжат ретінде құрмет тұтып сыйласу.  Әрине өмірде бірге туған ағайындарда да түсінбестік болатыны сияқты рулар арасында да кикілжің, қақтығыстар кездесіп қалатын. 

ABAI.KZ. "Атамбаев "түйе-саясаткер" емес" - Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаевтың Ала-Арша резиденциясында мұғалімдерге марапат тапсыру кезінде эмоцияға беріліп, Қазақ елінің көшбасшысына тіл тигізді. Жеке адам ретінде әрине қандай ой айтса да құқылы еді. Бірақ, Алмазбек Атамбаев көрші елдің президенті, ресми мемлекеттің бірінші адамы емес пе?. Осындай лауазымды тұлғаның өзін-өзі ұстай алмауының астарында не жатыр? Сауатсыздық па, жоқ әлде сыртқы күштердің ықпалы ма?

"Мырзатай Жолдасбеков. Тіл әркімнің қолжаулығы емес" - Латын әліпбиіне көшу туралы Елбасының бастамасына: «Бұл қазақтың жарқын келешегін айқындап берген стратегиялық құжат»,- деген баға бердіңіз. Бұл бастамаға шын жүрегіңізбен тілекші екеніңізді білемін. Бірақ елдің көкейіндегі сұрақ мынау: Біз латын әліпбиіне қашан көшеміз? Қандай нұсқаны таңдаймыз? Парламентте таныстырылып, дүйім жұрттың қарсылығына тап болған әліпбидің нұсқасы қабылданып кетпей ме?

INFORMBURO.KZ. ""Елден жырақ жерге апарып, үш ай бойы сиыр бақтырды"" - Соңғы жылдары адамдарды алдап апарып жұмысқа жегетіндер, не ұрлап кетіп, мәжбүрлеп құлдыққа салатындар көбейді. Бізде құлдық құрбандарының құқы қорғалмайды.

365INFO.KZ. "RBK банктің техникалық дефолтқа ұшырағаны рас па?.." - Осы апта басында RBK банктің банкоматтарында шектеу қойылғаны белгілі болды. Кәртішкесінен ақша шешіп алғысы келгендерге 50 мың теңгеден артық ақша берілмей қойды. Онда да call-орталық бұл соманы екіге бөліп алуға кеңес берген.

TURKYSTAN.KZ. "Қырғызстан: Билікке кім келер екен?.." - Үш күннен соң қоңсы ел – Қырғызстан жаңа президентін сайлайды. Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырда осымен бесінші президент билік басына келгелі тұр. Ақаев, Бакиев, Отынбаева, Атамбаев… Алғашқы екеуінің биліктен өз еркімен бас тартпағаны белгілі. Қос төңкеріс ел экономикасын жылға артқа шегінуге мәжбүрлесе де, саяси реформаларды жүзеге асыруда бұл елдің бағыты дұрыс сияқты еді. Батыс әлемі бұл елді «Орталық Азиядағы демократия аралы» деп атауы тегін емес. Бір жағынан, Қырғызстанмен шекаралас елдердегі саяси «тұрақтылықты» меңзеп, көзге шұқу болса, екінші жағынан – советтік тоталитарлы жүйе құрсауынан босап, жаңа демократиялы мемлекет құруға жасаған талпынысты қолдау, қолтығына су бүрку болатын. Бұл елде кез келген саяси оқиға күтпеген төңкеріске ұласуы әбден ықтимал. Бірақ ендігі жерде Қырғызстан төңкерістен бойын аулақ салғанды жөн көреді. Кезекті сайлау науқаны өрттің алдын алу қамына ұқсауы да содан.

12 қазан 2017, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.