Атырау, 18 сәуір 23:04
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

"Атамбаев үшін кешірім сұратудың, тізе бүктірудің қажеті жоқ", "Қасиетті Торғайды Ресейден кім қорғайды?", "Шетелдік БАҚ: Путиннің жақтастары өзара дауласып жатыр", "Қытай билігі кімдердің қолында?"

2 333 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Атамбаев үшін кешірім сұратудың, тізе бүктірудің қажеті жоқ" - Көршілес қырғыз елінде сайлау науқаны жақындап қалды. Сайлау күні жақындаған сайын ел билігінің құты мен берекесі қашып, елдік пен көршілікке сызат түсіріп, ағайындық арақатынастарға кеселін тигізетін мәлімдемелер жасауға итермелеп жатыр. Сенбі күні өзінің Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында Қырғызстанның дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған ел азаматтарына наградалар тапсыру рәсімінде ел президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзі екі елдің интернетін жарды деуге болады.

"Қасиетті Торғайды Ресейден кім қорғайды?" - Жерді қорғау қазақтың қай заманда да пешенесіне жазылған тағдырдың ісі ме дерсің. Міне, кезекті рет жерді қорғау жалауы көтерілді. Заманымыздың майдан алаңы болған әлеуметтік желіде жұрт «Тарт қолыңды Торғайдан!» деп ұран салып жатыр. Бұл – қасиетті Торғай даласын сол баяғы Ресейден және орыс билігінің айтқанын екі етпейтін ресми Астанадан қорғаудың қамы. Жә, зарлы шалқыманы осы жерден шиыра тұрып, айтпағымыздың мәнісіне көшейік.

AZATTYQ.ORG. ""Біз бәріміз халық жауы едік"" - «Отанын сатқан опасыздың» қызы деп атай бастаған кезде Гелиана Сокольникова үш жаста болған. НЭП (жаңа экономикалық саясат – ред.) кезінде СССР қаржы халық комиссары қызметін атқарған әкесі Григорий Сокольников - советтің экономикалық ғажайыбы авторы ретінде танылған кісі, ол ақша реформасын жүргізуді басқарып, 1920 жылдардың конвертациялық валютасы болған алтын червонецті айналымға енгізген. Үлкен террор кезде Сокольников " троцкийшілдердің параллель орталығы" ісі бойынша Радек, Пятаковпен бірге 10 жылға сотталған. Үкім жарияланғаннан соң бірнеше айдан кейін - 1937 жылдың көктемінде оның отбасы Қазақстанға жер аударылып, Гелиана Сокольникованың айдаудағы өмірі 28 жылға созылды.

"Қазақ-қырғыз шекарасындағы түнгі кезекті сан-саққа жүгіртті" - Әлеуметтік желілерде бүгін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Қордай шекара бекетінде жолаушылар мен көліктердің кезегі көбейгені туралы ақпарат тарады. Ресми түсіндірме дер кезінде берілмей, жұрт жағдайды Атамбаевтың Қазақстан билігін сынауымен байланыстыратын болжамдар айтты.

QAZAQTIMES.COM. "Қытай билігі кімдердің қолында?" - Қытай  - халық саны мен әскери күштерінің бірлігі жөнінен әлемде бірінші орынды, жер көлемі бойынша үшінші орынды алатын, экономикалық қуаты жоғары, ядролық әлеуеті бар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, әлемдік маңызды инвесторлар мен арзан жұмысшы күшінің отаны. Саяси жүйесі демократиядан алыс болғанымен, даму көрсеткіштері "халық билігі" құндылығын ұстанатын мемлекеттерден қалыспайтын Қытайдың саяси күнтізбесіндегі атаулы дата жақындап келеді. 18 қазан күні - Қытайдағы Коммунистік Партияның 19-шы Ұлттық Конгресі өтеді. Осы маңызды шараның алдында CNN журналистері Қытайдағы биліктің негізгі тұтқасын ұстап отырған азаматтардың алдыңғы бестігін атауды өтініп, белгілі саясаттанушы, журналистер мен экономистерге жүгінген. Алынған жауаптардың негізінде, назарларыңызға Қытайдағы негізгі билікті қолына шоғырландырған, басқарушы топтарға сөзі өтімді 5 азаматты ұсынамыз.

"Қытайдағы XIX құрылтай сол елге ауқымды өзгерістер алып келуі мүмкін" - Қытайдың әр бес жылда бір рет өтетін биліктегі партиясының (Қытай Коммунистік Партиясы, ары қарай ҚКП) XIX кезекті құрылтайына бір апта уақыт қалды. 18 қазаннан бастап бүкілқытайлық құрылтайға елдің жер-жерінен қатысушы өкілдер орталық қала Бейжіңде бас қосады.  Әр кезекті құрылтай кезінде әлем елдері Қытайға баса назар аудара бастайды. Себебі бұл құрылтай 1,5 миллиардқа жуық халықтың тағдырын шешеді және әлемдегі екінші орында тұратын экономиканы басқарушы партияның лидерін сайлайды. 

ABAI.KZ. "Шетелдік БАҚ: Путиннің жақтастары өзара дауласып жатыр" - Кешелі-бері қазақ қоғамы, қазақ қоғамы дейміз-ау, шетелдік БАҚ қырғыздың төртінші президенті Алмасбек Атамбаевтың айтқандарын талқылап әлек. Біз шолу жасадық.

"Латын әліпбиіне балама жоқ!" - Латын әліпбиіне байланысты кереғар пікірлер айтылып жатыр. Пікірталас керек, бірақ осы бастаманы іс жүзіне асыру одан да маңызды! Бізге қазір нақты қадам қажет!

"Жастардың рухани әлемі жұтаңдап барады" - Күнделікті өмірде сыртқы келбеті ересек адамға ұқсайтын жастарды жиі кездестіруге болады. Себебі, мектеп жасындағы ұлдар кітапхананың емес, тренажерлік залдардың табалдырығын тоздырады. Бұлшық етті жасанды түрде өсіретін «протеин» деп аталатын препаратты қабылдап, өздерінің тілінде «спортик» болғысы келеді...

QAMSHY.KZ. "Темірхан Тебегенов: Қырғыз бен қазақтың тарихи тамырын ешкім бұза алмайды" - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде өткеніміз бен бүгінімізді, болашағымызды бағдарлайтын тарихнамалық үлкен бағдар жолында келе жатырмыз. Оның жарқын куәсі – Тәуелсіздік жылдарында түркі халықтарының өзара көп ғасырлар бойы қалыптасқан бұрынғы түп тамырлық қандастығының, туыстық байланыстарының жаңғыруына жалғасуы. Бұл орайда, бұл жаңғырудың біздің жаңа буын ұрпақтарымыздың алдағы күндерге сеніммен қадам басуына негіз қалап отырғанын айтқым келеді. Біз арғы тарихымыздан бүгінгі күнге дейінгі уақытта түркі халықтарының ішіндегі қырғыз халқымен материалдық және рухани мәдени салалардағы байланыстарымыздың мықтылығына үлкен қуанышпен қараймыз. Үлгі етеміз.  Қырғыз-қазақ байланыстары желісінде Шоқан Уәлиханов арнайы жазбалар жазып, өзінің көп томдықтардың ішінде қырғыз халқының фольклорына, этнографиясына, тарихи мұраларына айрықша назар аударып, «Манас» эпосы және ондағы «Көкетай ханның асын» бүкіл Еуропа халқына, жұртшылығына таныстырғандығы, манастану бағдарламасының негізін қалағандығын, қырғыз жерін, географиясын, тарихын негіздегенін басты назарға аламыз.

EGEMEN.KZ. "Әмин Тұяқов: «Бапкер түзелмейінше, қазақтан чемпион шықпайды»" - Жуырда жеңіл атлетикадан алты дүркін КСРО чемпионы, өз заманында 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше рекордтарын жаңартқан Әмин Тұяқов ағамызбен жолығудың сәті түсті. 

11 қазан 2017, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.