Атырау, 20 сәуір 19:54
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Министрлік қазақстандықтарды шошытқан Ресей зымыранына қатысты пікір білдірді

2 957 просмотра


Ресейдегі баллистикалық зымырандардың ұшырылғаны жайлы қазақстандықтарға алдын ала айтып отыру мүмкін емес. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіндегілер айтты. 

"Баллистикалық зымырандарды ұшыру - Ресей Федерациясы қарулы күштерінің жеке шаруасы. Шет елдердегі қаруландыру, қорғаныс өнеркәсібі кешендері және олардың қарулы күштерінің қызметі Қазақстанның құзыретіне кірмейді. Бұл қандай да бір шабуыл әрекеті немесе мемлекеттік шекара ережелерін бұзу әрекеті емес", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, баллистикалық зымыранның ұшырылуы көрші елдердің аумағына еш зиян тигізбейтіні айтылады. "Бүгінде біз "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жоспарлы түрде ұшырылатын зымырандар туралы хабарлап отырамыз. Бірақ баллистикалық зымыран ұшыру ғарыш қызметіне жатпайды", - деді ведомстводағылар.

Дереккөз: Tengrinews.kz


27 қыркүйек 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.