Атырау, 18 сәуір 06:03
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Біз мектепке барамыз

Сурет
7 193 просмотра


Ата-аналардың көпшілігі үшін тамыз айы едәуір шығынданатын ай, өйткені 1 қыркүйек жақындап қалды. Баланы мектепке дайындауға қанша сома кетеді? «АЖ» тілшісі қайдан арзанырақ және жақсысын сатып алуға болатынын іздеп шыққан еді.

БАЗАРДА

Алдымен қаладағы ең арзан деген «Дина» базарына барып, ойша бірінші сыныпқа баратын оқушыны дайындауға кірістім.

Сөредегі қыздарға арналған аяқ киімдердің бағасын көріп, соншалықты қымбат екендігіне таң қалдым.

- Міне, мынау Ресейден шығарылған, былғары емес, бірақ жақсы, ұзақ киюге болады. Алты мыңға алыңыз, сәл-пәл түсіре аламын, - дейді сатушы. Бірақ тек біреуін ғана алып қоймайсың, аз дегенде екеу алуың керек. Ал бұл 12 мың теңге.



Әрі қарай сарафан іздедім. Түрлі үлгіден көзің тұнады: бүрмеленген, жалбыршақты, қосетекті, кішкентай сәнқойларға арналған түрлері толып тұр. Негізінен түрік және қырғыз өндірісінен шығарылған, кей жерлерде Ресейден және Қытайдан шығарылғандар да кездеседі.

Бағалар 5 мың теңгеден басталады. Баға мен сапаның ара салмағы маған ұнамады. Көпшілігінің жіптері жалбырап шығып тұр, кей жерлерінің шеттері дұрыс тігілмеген, матасы тез қыртыстанып қалады. Кішкентай ұшқалақтарға мұндай киім ұзаққа шыдамайды ғой.

Қыздарға арналған блузкаларды таңдау әлдеқайда жеңіл екен. Дұрыстап іздесеңіз жақсы түрлерін 3 мың теңгеден табуға болады. Гольфы мен банттарды да ұмытпадым, олар үшін 2300 теңге жұмсадым.

Ұл балаларға лайықты мектеп киімін таңдау үшін еңбектенуге тура келді. Таңдау онша көп емес. Сатушылар түсіндіргендей, айдың аяғына қарай жаңа әкелім болады, сол кезде бару керек екен. Әзірге қырғыздар шығарған жейдені 2500 теңгеге сатып алдым. Пиджак пен шалбарға 9500 теңге, бабочка мен галстукке 1600 теңге жұмсадым.


ЖАҒЫМДЫ ӘРІ ПАЙДАЛЫ

Кей ата-аналар еңбек демалысы кезінде киім-кешекті басқа қалалардан сатып алады. Олардың пікірінше, ол жақта таңдау да көп, бағасы да арзан.

- Ұлыммен бірге қазір Грузияда демалып жүрміз, мектепке киім-кешектерді осы жерден сатып алуды ойлап жүрмін. Сапасы да жақсы, бағасы да қолжетімді. Әзірге бұл жерде ондай дүрлігіс, кезек деген жоқ, - дейді бірінші сынып оқушысының анасы Натиа.

- Біз биыл Алматыдан сатып алдық. Қызым мен жиеніме қазақстандық белдемшені алған едік, сапасы да керемет, тігісі де мұқият тігілген. Ал қыздарға арналған қысқа және ұзын жеңді жейде үшін 14 мыңдай төледім. Сарафан үшін 10 мың теңге бердім. Ал ұлым үшін жейде мен шалбарға 11 мың теңге кетті, - дейді Сәния.

- Біздің балабақшаны бітіру шарасына алған костюмымыз, жейде мен бәтіңкеміз пайдаға асып кетті. Бір рет қана киген едік, енді қыркүйекте киетін болдық, - деп қуанады Анастасия есімді ана.




САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА

«Насиха» мен «Көктем» сауда орталықтарында таңдау анағұрлым көп, бірақ бағалары да жоғары. Ұлдарға арналған аяқ киімнің орташа бағасы 8 мың теңгенің айналасы, үштік костюм 15 мың теңгеге шығады. Қыздарға арналған киімдер де солай. Мәселен, мектеп сарафаны немесе белдемшелі пиджак бутиктерде 10 мың теңгеден басталады. Жұп туфли кем дегенде 7 мың теңге. Бұл жерден Қазақстанда тігілген мектеп формасын табуға болады, бірақ ол оңтүстік астанадағы бағадан қымбат.

Ата-атаналардың көпшілігі ірі сауда орталықтарын айналып өтуге тырысады. Олары бекер, өйткені ондағы тауар сапасы жоғары, ал бағалары да көп ерекшеленбейді. Мәселен, «Атырау» сауда-ойын сауық орталығында қыздарға арналған шалбар немесе белдемшені 3500 теңгеге сатып алуға болады. Ал ұлдарға арналған пиджактардың ең жоғарғы бағасы 8 мың теңге. Бұл жерде «Тамаша» сауда орталығындағыдай, балаларға арналған бағалары 3 мың теңгеден аспайтын түрлі джемперлер мен кардигандарды табуға болады.



АСПАЛЫ СӨМКЕ МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

Дене тәрбиесі пәндеріне арналған спорт формасына келер болсақ: комплект (футболкасы, шалбары, кроссовкасы) ата-аналарға кем дегенде 12 мың теңгеге шығады.

Кеңсе тауарлары: ірі сауда желілерінің бірінде мұқабасы қатты күнделік кем дегенде 250 теңге тұрады, 12 беттік дәптер – 15, түрлі-түсті картон мен сурет салатын альбом – 720 теңге, кітаптарды қаптауға арналған қатты мұқаба – 530 теңгеден басталады. «Дина» базарында бірінші сынып оқушысы үшін негізгі кеңсе құрал-жабдықтары мен арқалайтын сөмкесі 15 мың теңгеден басталады.

Айтпақшы, аспалы сөмке туралы. Ата-аналардың көпшілігі баланың анатомиялық құрылымына ортопедиялық аспалы сөмке алуға тырысады. Атыраудағы ірі кеңсе дүкенінде мұндай аспалы сөмкенің төменгі бағасы – 17 мың, жоғарғы бағасы – 38 мың теңге тұрады.

Көптеген отбасылар мектепке дайындалу үшін бірнеше ай бойына қаражат жинайды. Жалпы есептеулер бойынша, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кем дегенде 50 мың теңге қажет болады. Бұл ең төменгі баға.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

17 тамыз 2017, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.