Атырау, 19 сәуір 08:03
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

SIPRI: Әлемде ядролық қару саны азайып, арсеналы жаңаланып жатыр

2 781 просмотра


Әлемде ядролық қару саны азайып бара жатқанымен, ядролық қаруы бар елдер өз арсеналын модернизациялап жатыр және жақын болашақта бұл қару түрінен бас тартпақ емес. Бұл туралы Стокгольмдегі Халыфқаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI - Stockholm International Peace Research Institute) әлемдегі ядролық қарудың қоры туралы жаңа зерттеуінде айтылады.

SIPRI есебіне қарағанда, ядролық қаруға ие тоғыз елдің арсеналында 2017 жылдың басында 4150 дана жедел қолданысқа дайын ядролық қару болған. Институт есебінде сонымен қатар бұл елдердің жалпы арсеналында осы жылдың басында 14935 ядролық оқтұмсық болғаны, мұның 2016 жылғы көрсеткіштен (15395) аз екені айтылады. SIPRI ядролық қаруға ие елдер санатына АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израиль және Солтүстік Кореяны қосқан.

Институт есебінде ядролық заряды ең көп елдер тізімін Ресей бастап тұр. Институт сарапшыларының есебінше, Ресейде 1950 ядролық заряд, тізім соңындағы Солтүстік Кореяда 10-нан 20-ға дейін ядролық заряд бар.

SIPRI мәліметінше, АҚШ-та 1800 ядролық заряд пен бес мың өзге де оқтұмсықтар бар. Тізімдегі басқа елдердің әрқайсысында бар оқтұмсық саны 300-ден аспайды.

Дереккөз: Азаттық

3 шілде 2017, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.