Атырау, 28 наурыз 22:02
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Газ - тежегіш

Сурет
3 879 просмотра
Мақсот ӘБУОВ

Атырау кәсіпкерлері мен газ берушілер арасындағы проблемалық мәселелер Астанада «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен «Атамекен» ҰКП басшыларының арасында талқыланатын болады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА кездесуді осы сөздермен бастады. Кәсіпкерлер газ үшін «жоғалған пайда үшін ақы» деп аталатын алдын ала төлемақы алуды, жазғы маусымға газ қазандығын пломбалауға қатысты және т.б. талқылау үшін жергілікті палатаға бірнеше рет бас қосты.   

Ал жақында жаңа мәселе туындады: «РЦКУ-Запад» ЖШС тұтынушыларға газ құбырын қосуды және ажыратуды қолға алған. Осы кәсіпорынның мәртебесі мен өкілеттігі туралы мәселе де бизнесмендерді мазалап отыр. Жергілікті деңгейде бұл проблемаларды шешу мүмкін болмайтын секілді. Ал ӨКП басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕЫВТЫҢ айтуынша, олар қордаланып қалған. Бүгінгі күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалының төңірегінде жайсыз дүрбелең туындаған. Газ берушілер талап етіп отырған «жоғалған пайданың» қайдан алынғанын ешкім түсіндірмей отыр.

Бір жарым жылдан астам уақыт бұрын шағымдар түсе бастады. Газшілер есепшоттарды негізгі қарыз бен алдын ала төлем бойынша ұсына бастады. Сол кезде біз кәсіпкерлерге тек негізгі қарызды төлеуге, ал алдын ала төлемді төлемеуге кеңес бердік. Бұл газшілер тарапынан тойтарыс тудырмады. Формальды түрде шоттар ұсынылып отырды, іс жүзінде алдын ала төлем үшін ешкімді ажыратып тастамады. Бұл мәселе жабылғандай болған. Жаңа маусымға келісімшарт жасай бастаған кезде біз кәсіпкерлерге келіспеу туралы хаттама жазып, алдын ала төлем туралы тармақты алып тастауды сұрау жөнінде кеңес бердік. Сол кезде монополист тарапынан қарсылық болды. Уәж біреу әрі қызықты еді: монополияға қарсы нарық субъектісі ретінде ол бүкіл тұтынушылар үшін тең шарт ұсынуға міндетті. Ендеше қандай проблема бар, бәрінен алдын ала төлемді алып тастаңыздар, - деді Жолдыбаев «ҚазТрансГаз Аймақ» АФ директоры Мақсот ӘБУОВКЕ.   


Бізде бұдан бұрын «Атырау Жарықпен» алдын ала төлем туралы мәселе туындаған болатын. Бірақ бірлесіп оны шештік. Қазіргі кезде энергішілерге тұтыну фактісі бойынша төлейміз, - дейді «Өтепбаева ЖК» өкілі Сапаргелді ӨТЕПБАЕВ (суретте). – Газшілердің де шағын және орта бизнестен алдын ала төлемді алып тастау үшін ішкі резервтер іздестіруге мүмкіндіктері бар шығар. Қазір дағдарыс жағдайы, біз тиын-тебенімізді сақтауға мәжбүрміз. Ал ай сайын 100 мың теңгеден, оның жарты сомасы – әлі ұсынылмаған қызмет үшін төлеп тұру шағын кәсіпорынға өте ауыр. Тіпті, «Қазгидромет» те бір айға нақты ауа райын болжай алмайды. Ал мен қанша газ тұтынатынымды қалай дәл есептей аламын? Жоғалған пайда туралы айтсақ, бұл өте өткір мәселе. Олар газды өз жеткізушілерінен сатып алатынын айтады. Бірақ «Атырау Жарық» та электр энергиясын Ресейден сатып алады, бірақ бізге «жоғалған пайданы» ұсынбайды ғой.  

«РЦКУ - Запад» ЖШС-мен кәсіпкерлер үйлесе алмады. ЖШС ҚТГА-мен жасалған өз келісімшартын ұсынбады және газ жабдықтарын жылына 4 рет тексеруге өкілеттігі бар екенін растады. Ал «Аристон» фирмасының аккредиттелген өкілдері (олардың жабдықтары ЖК-де орнатылған) оны жылына бір рет тексереді. Әрине, оған жылына төрт рет емес, бір рет төлеген тиімді.  

Проблемалар тек бизнесте емес, жеке тұлғаларда да пайда болады. Жұмыскер-2 ықшамауданының тұрғыны Әсел МАҚСОТ (суретте) әлі күнге дейін ЖШС-мен және газшілермен соттасып келеді. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған бірнеше баласымен тұратын үйіндегі газды 3 желтоқсанда ажыратып тастаған. Бақылаушылар жазда қарызы болғандықтан газбен қамту жүйесін ажыратып тастап, құбырды пломбалап тастағандығын, ал үй қожайындарының пломбаны алып тастап, газды өздері қосып алғандығын растайды.


Біз қарыз туралы және акт жасалғаны туралы білген жоқпыз. Отбасымызда омыраудағы кішкентай балаларымыз бар, сондықтан үйде үнемі кісі болады. Бақылаушылар бізге осы жағдайға дейін келген жоқ, есепшоттар әкелген жоқ, талап қойған жоқ. Алайда сәбилермен суық үйде отырып, газшілермен дауласуға еш мүмкіндік жоқ еді. Бәрін: ажыратқанын да, қосқанын да, әлдебір айыппұлдарды да төлеуге тура келді, - дейді Ә.Мақсот. Оның пікірінше, бақылаушылар қолайсыз ауа райында және ыстықта Жұмыскерге барғылары келмейді. Ол басқа коммуналдық қызметтер секілді WhatsApp арқылы жұмыс жасауды ұсынған, бірақ оның ұсынысын қабыл алмаған. Сот Ә.Мақсоттың талап арызын ішінара қанағаттандырды. Жазғы актіні заңсыз деп танып, ал осы заңсыз актінің негізінде жасалған жауапкердің қалған әрекеттерін заңды деп таныды. Қазір ол апелляцияға берген.

Алдын ала төлем бойынша жоғары жақта мәселе шешілуде. Жоғалған пайда бойынша – бұл тармақ келісімшартта көрсетілген, оған кәсіпкерлер өз еріктерімен қол қояды. Әр айдың 20-ына дейін лимитке түзету енгізуге болады, - деп түсіндірді өз кезегінде «ҚТГА» АФ директоры Әбуов. – Біз ТШО-ға осы лимитті жібереміз, өйткені ол маңызды. Бүкіл сұралған көлем құбырға айдалады, ал кем болған жағдайда газ құбырдың бойында қалып, қысымды арттырады, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.     

«Облтрансгаз» болған кезде мұндай проблемалар болған жоқ. Біз дайын нысанды алдық. Сіздердің маңдарыңызда өз фирмаларыңыз бар. Ажырату-қосу, мұның бәрі сіздердің төңірегіңізде туындаған, аффилирленген кәсіпорындар. Мен күн сайын сіздердің қастарыңыздан өтемін, ол жерден жүру мүмкін емес. Басшылыққа кіре алмайсың, талабыңды жеткізе алмайсың. Сіз келіп «қауіпті жағдай» дейсіз, бірақ кем болуы салдарынан миллион текше құбырда қалмайды ғой. Ал кәсіпкерлердің «ерікті» түрде келісімшартқа қол қоюына келер болсақ, біз мұны жасауға мәжбүрміз, сіздер монополистсіздер ғой. Бізде таңдау жоқ, - деді Әлия Бекқожиева әсерлене сөйлеп.

Мақсот Әбуов қатысушыларды филиалдың тек «РЦКУ Атырау»-мен жұмыс жасайтындығына сендірді. Бұл компания биллингтік қызмет көрсету конкурсын ұтып алған, тұтынушыларға есепшоттарды жеткізеді. Ал қызмет көрсетумен «РЦКУ-Запад» айналысады, газшілердің өздері көп уақыттан бері мұны жасауға құқылары жоқ екен.

- Қазіргі кезде келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін ҚТГА-ның ұстанымын дауласу қиын, өйткені бәрі бұл қағаздың қалтарысына мұқият жасырылған. Азаматтық кодекске сәйкес, жыл аяғында бұл келісімшарттар қайта жасалатын болады. Сол кезде кәсіпкерлерге бүкіл тармақтарды көрсетіп, келіспеу хаттамасын толтыруы керек, - кеңес берді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан ТАУБАЕВ. – Ал егер монополист еш негізсіз тұтынушыны ажыратып тастауға тырысса, бұл монополияға қарсы заңды бұзу болып табылады. Келісімді енді жасайтын кәсіпкерлер талаптарын қазір жаза алады.  

Дегенмен, газшілермен келісімшартқа қол қойған кейбір бизнесмендер Астанадағы «жоғарғы деңгейдегі» кездесуді жыл аяғына дейін күткілері келмейді. Олар қазір ӨКП көмегімен сотқа талап арыздар дайындауда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

10 маусым 2017, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.