Атырау, 29 наурыз 16:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Біздің экологтар немен айналысуда?

6 757 просмотра


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ БИСЕМБИЕВ 30 мамырда ТШО зауытында орын алған оқиғаға комментарий берді.

- Кешенді технологиялық желілердегі (КТЛ) газ шығарындылары таңертеңгі сағат 9-да орын алған. Сол жерге экология департаментінің мамандары барды, олар зиян мөлшері мен жауапкершілік шарасын анықтайды.

Облыс орталығындағы атмосфералық ауа мониторингісі туралы «АЖ» сұрағына жауап бере отырып, ол заң бұзушылық орын алған жағдайда, әдетте, күкіртсутек бойынша мөлшерден асу байқалатынын атап өтті. Белгілі болғандай, Атырауда атмосфералық ауа сапасына бақылау жасайтын 18 станция бар: 10-ы - «НКОКН.В.» компаниясының, 4-уі – АМӨЗ-дің және 4-уі – «Қазгидрометтің» станциялары.

- Облыс әкімі өз бақылау станциямыз болу керек деген міндет қойды, біз өскемендіктермен әлденеше рет хабарластық, оларда да осындайлар тұр. Тиісті жабдықтар сататын компанияларды шақырдық. Соның ішінде, Мәскеуден де бар. Әзірге бәрі келіссөз кезеңінде. Жақсы жаңалығымыз да бар. Тамыздың аяғына дейін «НКОК Н.В.» станцияларында өңдеу уақытын 10 минутқа дейін қысқарту жоспарланып отыр. Өйткені, қазір бұған 2 сағат уақыт кетеді, сондықтан да экология қызметкерлерінің көбінесе ауаның нақты ластану көзін анықтауға мүмкіндіктері болмайды.

Тағы бір жоба – мақсатты индикаторларды орнату, ол 2 жылға арналған. Атырауды учаскелерге бөледі, ол жерде арнайы жабдықтар орнатылатын болады. Бұл шығарындылар мен олардың көздерін жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Журналистерді мазалайтын өзекті мәселе – бұл Қарабатан мен Атырау арасында қорғаныс орман белдеуін құру. Сөйтсек, «НКОК Н.В.» компаниясы Атырау-Қарабатан-Доссор автотрассасының бойына 1500 ағаш (ұсақ жапырақты шегіргін, кәдімгі шаған, Каспий талы мен жіңішкежапырақты жиде) отырғызыпты. Ағаштар тамшылатып суару жүйесінің көмегімен өте жақсы жерсініп кеткен. 95%-ы бой көтеріп қалыпты.  Компания «Жер-Ана» ЖШС-мен 2018 жылдың ақпанына дейін ағаштар отырғызу туралы келісім жасаған. Бұл учаскеде жұмыстар жалғасуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

31 мамыр 2017, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.