Атырау, 29 наурыз 12:04
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Дүйсенова: БЗЖҚ капиталын инвестициялаумен біздің министрлік айналыспайды

2 825 просмотра


Қазақстанда Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры (БЗЖҚ) жарналарының қай жаққа инвестиция жасалып жатқанымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналыспайды. Бұл мәселемен зейнетақы қорының стратегиясын жасап отырған арнайы кеңес шұғылданады деп жауап берді бүгін мәжілісте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Азаттық тілшісі қойған сұраққа.

Бұған дейін БЗЖҚ-ның 71,6 миллиард теңге қаржысы Әзербайжан халықаралық банкіне салынғаны, ал бұл банктің өткен жыл бойынша шығыны миллиард доллардан асып, кредиторларға төлем жасай алмай отырғаны хабарланған болатын.

Азаттық тілшісі мәжілісте Дүйсеноваға осы мәселе бойынша комментарий беруін сұраған. Министр зейнетақы қорындағы азаматтардың қаражаттарына мемлекет тарапынан толық кепілдік берілгенін, азаматтардың зейнетақы жарнасы инфляция көлеміне сай көбейіп отыратынын айтты.

"Әзербайжандық банкке қатысты ақпаратты кеше алдым, оны қараған соң толық жауап беремін. БЗЖҚ қаржысының қай жаққа инвестиция жасалғаны туралы ақпаратты кеңес арқылы алып отырамыз. Біздің негізгі міндетіміз - әр азамат ертең зейнетке шыққан кезде оның зейнетақы жарнасын жоғалмастан қолына тиюін қамтамасыз ету" деді Тамара Дүйсенова.

Дереккөз: Азаттық

17 мамыр 2017, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.