Атырау, 25 сәуір 14:49
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстан Президенті Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

2 829 просмотра

Фото: Аkorda.kz

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ екі ел ынтымақтастығының ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастың жайын талқылады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы «Азияның өркендеуі дәуіріндегі ерекше стратегиялық әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы мен Жапонияның бірлескен мәлімдемесі;

– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Жапонияның Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

– «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Жапонияның сыртқы сауданы дамыту жөніндегі ұйымы (ДЖЕТРО) арасындағы Жапонияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатыны туралы шарт;

– «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Жапонияның құнды қағаздар бойынша диллерлер бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап визалық талаптардан босату туралы ноталар алмасылды.

Дереккөз: Аkorda.kz


8 қараша 2016, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.