Атырау, 19 сәуір 16:57
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Йеменде әуе шабуылынан кемінде 60 адам қаза тапқаны хабарланды

2 365 просмотра

Фото: ReutersЙеменде қарулы шиит көтерілісшілері хуситтер бақылауындағы Ходейда қаласына жасалған әуе шабуылы салдарынан кемінде 60 адам қаза тауып, ондаған жараланғаны туралы ақпарат тарады. Бұған дейін мерт болғандар саны 45 адам деп мәлімдеген,- деп хабарлады Азаттық.

Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, бомба түскен түрмеде 80-ге жуық тұтқын болған. Әуе шабуылын Сауд Арабиясы жетекшілігіндегі араб елдері коалициясы жасаған деген болжам айтылып отыр. Коалиция өкілдері әуе шабуылына қатысы бары туралы әзірше растаған жоқ.

Қазанның 8-і күні Эр-Рияд басшылық жасайтын коалиция Йемен астанасы Сана қаласында жерлеу рәсіміне қатысып жатқан адамдарға әуе шабуылын жасаған. Оқиғадан 200-ден астам адам мерт болып, 500-ден аса адам жараланған. Бұл шабуылдан кейін АҚШ қауіпсіздік кеңесінің өкілі Нед Прайс Вашингтон коалицияға қолдау көрсету туралы шешімін өзгертуі мүмкін екені туралы мәлімдеген.

Йеменде 2014 жылы қыркүйекте басталған қарулы жанжалда халықаралық қауымдастық мойындаған үкімет күштеріне Сауд Арабиясы бастаған араб мемлекеттері коалициясы жәрдемдесіп отыр. Ал үкіметке қарсы шайқасып жатқан шиит көтерілісшілері – хуситтерге Иран бейресми тұрғыда қолдау көрсетеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

31 қазан 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.