Атырау, 24 сәуір 14:49
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Тағы да жер туралы

3 571 просмотра

– Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш берейін деп халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ондағылар маған қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен жер телімін алатын жердің көшірмесін алып келуім керек екенін айтты. Ал, қалалық сәулет бөлімінде маған ондай анықтама берілмейтінін айтты. Жер телімін берудің нақты тәртібін түсіндіріп берсеңіздер екен.

Г. Нұрбердиева.

Сауалға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ жауап береді:

– ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру ережесiн бекiту туралы» бұйрығына сәйкес жер телімін алу үшін ҚР азаматтары сұрау салынған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша өтеулi пайдалану (жалдау) құқығымен жер учаскесiн жеке тұрғын үй құрылысы үшін беру туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша: қала, поселке, село шекарасы шегінде – сәйкесінше қала, поселке немесе село әкімдігіне еркін үлгіде жазады. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бұрын мемлекет өтеусіз негізде берген басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiледi. Қазақстан Республикасының азаматы берген өтiнiшке жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн жалғайды. Өтiнiшті қабылдау кезiнде осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.

9 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.