Атырау, 20 қазан 11:18
Күндіз ашық+18, кешке +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 389.94  € 433.50  P 6.10

Ақтөбеге шабуыл: қауіп деңгейі "қызыл"

7 маусым 2016 10:02

Image 0
Ақтөбедегі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге бір топ белгісіз қылмыскерлердің шабуыл жасауы экстремистердің еліміздегі соңғы төрт жыл ішіндегі алғашқы аты шулы шығуы болды. Осы уақытқа дейін мұндай оқиғалар 2012 жылы алматының Таусамалы мен Бағанашыл ауылдарында орын алған.

Ақтөбедегі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге бір топ белгісіз қылмыскерлердің шабуыл жасауы экстремистердің еліміздегі соңғы төрт жыл ішіндегі алғашқы аты шулы шығуы болды. Осы уақытқа дейін мұндай оқиғалар 2012 жылы алматының Таусамалы мен Бағанашыл ауылдарында орын алған. Ол кезде лаңкестер топтары жойылған болатын. Сонымен қатар Атырауда қалалық полиция ғимаратына шабуыл жасалған.

Оқиғалар хроникасы

Ақтөбенің үш ауданында атыс болып жатыр деген хабарларды ең алғашқы болып жексенбі күні түстен кейін оқиғалардың куәгерлері тарата бастады. Басы-қысында болған адамдар әлеуметтік желілерге оқиға орнынан суреттер мен видеоларды салып отырды. Кейінірек қару-жарақ дүкені, әскери бөлімшеге шабуыл жасалып, автобус басып алынды деген бейресми ақпарат расталды.

Сол күні кешке қарай ІІМ-нің баспасөз қызметі сол кезге бар ақпаратты жариялады. Ондағы хабарламаға сәйкес, суық қаруланып алған бірнеше адам "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған. Дабыл кнопкасын басып үлгерген дүкен сатушысын қылмыскерлер пышақтап өлтірген. Оқиға орнына ең бірінші болып "жедел күзет" ЖШС жеке күзет ұйымының 2 қызметкері жетіп, оның бірі бірден оққа ұшып мерт болса, екіншісі жарақаттанған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері де келіп, қылмыскерлер оларға қарулы қарсылық танытқан. Атыс барысында 3 полиция қызметкері жараланып, ал қылмыскерлері патрульдік машинамен бой тасалаған. Олар дүкеннен 17 мылтық, 3 газ тапаншасын, оқтар мен пышақтар алып кеткен. "Паллада" дүкеніне шабуыл жасағаннан кейін қарулы қылмыскерлер екі топқа бөлінген. 6 қылмыскерден жасақталған бірінші топ "Пантера" қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, онда бір адамды пышақтап өлтірсе, екіншісін жарақаттаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 3 қылмыскерді атып өлтірсе, біреуі жарақаттанған. Ал екеуі бой тасалап үлгерген. Дегенмен, олар сәл кейінірек қала сыртынан табылып, көздері жойылды.

Екінші топ автобусты басып алып, онда жолаушыларды түсіріп жіберген. Осыдан кейін Ұлттық гвардияның 6655 әскери бөлімі аумағына кіре беріс қақпаны автобуспен бұзып кірген және әскери қызметшілермен, оқиға орнына жеткен полициямен атысқан.

Осылайша, жексенбі күні кешке экстремистерің шабуылынан алты адам қаза тауып, оннан аса адам жараланған. Сондай-ақ, ІІМ баспасөз қызметі төрт қылмыскер қаза тауып, жетеуі қолға түскенін хабарлады.

Дүйсенбі күні ІІМ, түн ішінде жүргізілген жедел іздеу шарасы кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен тағы 5 қылмыскер оққа ұшып, 2-еуі ұсталды, деп хабарлады.

Терроризмге қарсы күрес операциясы

Жексенбі күні қалада терроризмге қарсы күрес операциясы режимі енгізілді. Қала тұрғындары Ақтөбеде терроризм қауіпінің қызыл деңгейі белгіленді деген SMS хабарлама алды. Ойын-сауық орындарының жұмысы мен қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылды.

Өңір әкімі Бердібек Сапарбаев қала тұрғындаына үндеу жасап, жағдайдың қадағалауда екендігіне сендірді.

"Құрметті жерлестер, сіздерден сабырлық танытуды сұраймыз. Жоспарлы антитеррорлық операциялар жүргізілуде. Жағдайдың бақылауда екендігіне сендіреміз. Қазіргі кезде ахуал тұрақты", — деді Сапарбаев.

Бұл ретте ол, халықты сақ болып, күдік туғызатын азаматтарды көргенде Ішкі істер органдарына хабарлауға шақырды

"Сұмдық сценарийге өрбудің алды алынды"

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қариннің пікіріншеү күш құрылымдары Ақтөбедегі оқиғаның сұмдық сценарийге өрбуінің алдын алған.

"Ақтөбедегі оқиғаға қатысты әр түрлі пікірлер оқып отырмын. Оның арасында "арнайы қызметтер қайда қараған", "олар қалайша осыған жол беріп қойды", тіпті "осыны ішкі проблемалардан назар бұру үшін күш құрылымдарының өзі ұйымдастырып отырған жоқ па екен" дегенге саятын талқылаулар да болып жатыр. Әйтсе де, мен күш құрылымдарының Ақтөбедегі оқиғаның одан да сұмдық сценарийге өрбуінің алдын алғанына сенімдімін", — деп жазады Қарин Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1160 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3