Атырау, 25 сәуір 13:03
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Ретейлерлер сауданың тоқырағанын айтады". "Данияр Ақышев ұлттық банкті басқарған 100 күн". "«Билiк пен отбасы мүшелерiнен нелiктен күдiктенетiнiмiз туралы...»". "Саяси партиялар арасында теледебат өтсе, оған кімдер қатысады?".

3 902 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ретейлерлер сауданың тоқырағанын айтады" - Алматының сауда орталықтарында кейбір ретейлер компаниялардың бутиктері мен дүкендері жабылып жатыр. Саудагерлер «сұраныс азайды» деп шағымданады. Сарапшылар жұрттың аса қажет емес тауарларды сатып алудан бас тартып жатқанын айтады.

"Данияр Ақышев ұлттық банкті басқарған 100 күн" - Былтыр қараша айында тағайындалған Данияр Ақышев те ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов сияқты теңгеге қатысты «жағымсыз сценарийлер болмайды» деп уәде береді. Бірақ ұлттық валюта бағамында әзірше нығаюдан гөрі құлдырау тенденциясы басым.

ZHASALASH.KZ. "Ер бағасын ел берген" - Біздің қазақта, мұсылманда «шейіт» деген қасиетті ұғым бар. Қысастық қазаға ұшыраған адамдар – шейіт. Ақ жолда, ұлт жолында, әділдік жолында қаза болған адам шейіт болады. Алтынбек бауырымыз – қай жағынан алғанда да шейіт. Әзіз шейіт. Амал жоқ... Ұлттық мұрат, ұлттық мүдде деген ұғым бар. Ұлы халықтарда да, кіші халықтарда да ұлттық мүдде жолында, тәуелсіздік жолында еңбек еткен адамдар бар. Олар ұлттық дәрежеде насихатталады. Бізге жетпей жатқаны – осы. Осы тұрғыдан алғанда, Алтынбек мемлекеттік қызметте жүрген кезінде де, оппозицияда жүрген кезінде де тәуелсіздік үшін, ұлттық мүдде үшін қызмет еттті. Сондықтан Алтынбектің бүкіл өмірі, ісі кейінгілерге үлгі болып қалады.

"10 жыл өттi, не өзгердi?" - 2006 жылғы 11 ақпанда көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлына, оның қасындағы серiктерi Бауыржан Байбосын мен Василий Журавлевқа сая­си тапсырыспен қастандық жасалды. Одан берi он жыл өттi. Қазақстан тарихында, ХХI ғасырдағы ұлттық қасiрет саналған бұл оқиға ешқашанда ұмытылмайды. Сан мың адам әр жыл сайынғы дәл осы күнде және кез келген сәтте аяулы азаматтарын еске алады, жауыздық әрекеттi айыптап, қылмыстың толық ашылмағанына күйiнедi. Қоғамның бүгiнгiсi мен ертеңiне ерекше алаңдайды. Өйтетiн себептерi жетерлiк... “Жас Алаш" елiмiзге танымал тұлғаларға төмендегiдей сауалдар қойған едi. Жауабымен танысыңыздар, өзара пiкiр бөлiсiңiздер, қадiрлi тiлеулес оқырман!

"«Билiк пен отбасы мүшелерiнен нелiктен күдiктенетiнiмiз туралы...»" - Елдi дүрлiктiрген қанды оқиғаның басты тапсырыс берушiлерi мен қарақшылары нелiктен тасада қалды? Күдiктiлер қатарында есiмдерi аталғандардың, iске әртүрлi шамада қатысы болғандардың тергелмеуi, сотқа шақырылмауы ненi бiлдiредi? Жәбiрленушi жақтың талаптары мен пiкiрлерi қашанғы ескерусiз қалмақ? Көпшiлiктiң көңiлiндегi осындай сауалдар әркезде-ақ айтылып жүр. Ақиқатты ашуға септесетiн мәселелерге қозғау салған қоғамдық тыңдаулар мен тал­қылауларға билiк тарапынан жауап жоқ. Қысым көрсетулер мен қудалау әрекеттерiнен басқа. Бұл – заң алдында бәрi бiрдей жауапты болатын, заң ғана үстемдiк құратын құқықтық мемлекет орнатуға деген сенiмдi тәрк ететiн жайт.

"Алтынбек пен Mахамбет" - Екеуі екі дәуірдің ұлы. Екеуі екі кезеңнің бөрісі. Екеуі де қырықтан аса бере өмірден өтті. Махамбетке сілтенген семсер арада 160 жыл өткен соң айналып келіп Алтынбекті тапты. Махамбеттің басы денесінен бөлініп түскенде мұқым қазақтың жүрегі біз сұғып алғандай дір ете түскен. Алтынбектің қазасы да иісі алаштың көкірегін қарс айырды.

"11 ақпан – ұлттық қасірет күні" - Президенттiң айналасындағылар, бәлкiм, президенттiң өзi де, алдағы уақытта авторитаризмдердi күшейту арқы­лы, яғни азаматтардың еркi мен құқына қысым жасау арқылы билiктi ұстап тұра аламыз деп есептейтiн болуы керек. Бiрақ бұл – өте сорақы және кешiрiлмес қателiк! Билiктiң өз қолымен жасаған саяси дағда­рысынан шығудың жолы бұл емес, бұл жол, керiсiнше, жағдайды онан әрi ушықтырады, елiмiздi конфронтация мен қарсы алысуға бастайды! Бұл – ешқайда апармайтын нағыз тұйық жол!

SN.KZ. "Прокуратура Е.Әубәкіровті өлтірген жауыздың прокурор еместігін айтты" - Астанадағы медициналық университеттің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровті айуандықпен өлтірген күдіктілердің бірі прокурор емес және бұрын да прокурор болмаған деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

QAMSHY.KZ. "Саяси партиялар арасында теледебат өтсе, оған кімдер қатысады?" - «Мәжіліс сайлауы» аталатын саяси доданың алғашқы кезеңі – үміткерлерді ұсыну процесі де аяқталып қалды. Еліміздегі ресми тіркелген 7 саяси партияның алтауы бүгінде өз үміткерлерінің тізімін жасап, орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Енді 20 ақпан күні саяси үгіт жұмыстары басталмақ.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Қазақ пен қырғыз бірлескен қанжоса көтеріліс батыры" - 1916 жылғы Ұлы-азаттық көтерілісі басталған тұста Мергенбай Ерденеұлы ол кезде 73 жаста болатын. Кейінгі әйелдерінің бірі Зейнептен туған менің 1914 жылғы атам (ең кенже баласы) Ыбырайымхан туылғанда бұл кісінің жасы 71-де болған (одан кейін Естемес атты ұл, және 1 қыз) бабаларымыздың асылдығы байқалады. Жалпы тоғыз әйелінен 30-дай ұл-қыз көрген.Тоғыз әйеліне 9 үй тігіп, 10-шы үйді қонақ қабылдайтын үй ретінде тігіп, Шәлкөде жайлауында бір өзі бір ауыл боп отырған екен өз уағында. Албан тайпасының, Қожбанбет руының шежіресінде бұл кісі туралы 2 тарауда сипаттама берілген. Біріншісі «Қожбанбет руынан шыққан ел ағалары» атты 3-бөлімде «Мергенбай батыр» (256 бет) атты, екіншісі «Өлең жырдың туын тіккендер» атты 6-бөлімде (330-332 беттер) біршама жазылған. Шежіреде батырлығы жөнінде 16 жасында қалмақ батырын жекпе-жекте өлтіргендігі мен күйшілігі жөнінде біраз мағлұмат бар. Ол кісінің өзі, балалары Нұрмұханбет, Бекмұханбет, Ыбырайымхан, немерелері Омархан, Қожақан, Меңдеке, Сауқымбектер шерткен күйлер «Жетісу күйлері» атты еңбекке кіргізілген.

ABAI.KZ. "Әкімнің есебі кезінде қанша ақша желге ұшады?" - Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, (оның 41-і – республикалық және облыстық бағыныстағы), 175 аудан, 34 кенттік және 2 468 ауылдық әкімшілік бар. Бүгінде осы 3 мыңға жуық елді мекендердің әкімқаралары тұрғындарға өз есебін беруде. Ол есептің кереметі де, орташасы да, қанағаттандырарлығы да кездеседі. Десек те, осы әкімдер есебінің моральдік, психологиялық һәм материалдық шығынын есептеп көрген біреу бар ма? Әрине, бұл мәселеге баса назар аудармағандықтан, жауап беру қиын. Сол қиын сұраққа логикалық тұрғыда жобалап жауап беріп көрелікші.

AIKYN.KZ. "Ұлт жоспары ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етті" - Енді кез келген адам Қазақстандағы кез келген көліктің қандай да бір жол апатына қатысқан-қатыспағанын интернет арқылы анықтай алатын болады.

EGEMEN.KZ. "Мейірім мерейі" - … Зымырап жатқан уақыт-ай десеңізші. Елімізде Тәуелсіздіктің таңы атып, халқымыздың ақ жарыла қуанғаны да кеше ғана сияқты. Бәрін басынан бастауға тура келді. Бір жоқ екінші жоққа келіп тірелген заман болды. Әркім хал-қадерінше ата-бабамыз армандаған елдігіміздің, егемендігіміздің бекемденуіне тарыдай болса да үлес қосуға бейінді еді. Әлбетте, бұл ретте алдымен бар салмақ тұтастай бір ұлттың тағдырын қолына алған, ең күрделі кезеңде ел басқарудың жауапкершілігі маңдайына жазылған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың иығына түсті.
Тегінде, тарихтағы мемлекет басшылары хақында әңгіме қозғағанда, болмаса жеке өміріне тоқталғанда, олардың тұлғалық қасиетін, болмысын сөз еткенде зайыбы да есте тұрады. Тек үлкен замана жолын таңдаған заңғар басшылардың ғана емес, кез келген қарапайым өмір сынындағы жұмырбасты пенденің де арқасүйері, иек артары, ең жақын жанашыры, ең сенімді тілеуқоры – құдай қосқан қосағы болмақ. Өйткені, өз отбасында, үйінде берік қорған орнамай, қанша мықты деген ер азаматтың да ісі өрге баспаған, жұмысы берекеленбеген.

12 ақпан 2016, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.