Атырау, 23 сәуір 15:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ұлттық банк: Алтын-валюта қорымыз азайды

2 355 просмотра

Қазақстан ұлттық қорының активтері 2015 жылы 13,29 пайызға кеміп, 73 миллиард 243 миллион доллардан 63 миллиард 508 миллион долларға азайды деп хабарлады бүгін Қазақстан ұлттық банкі.

Ал Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен ұлттық қор активтерін қоса алғандағы Қазақстанның халықаралық резервтері 2015 жылы 10,6 пайызға кеміген. Яғни, 102 миллиард 452 миллион доллардан 91 миллиард 581 миллион долларға азайған.

Ұлттық банк өткен жылдың қыркүйегінен бері Қазақстан қор биржасында теңге бағамын тұрақтандыру үшін бірнеше рет интервенция жасаған.

Дереккөз: azattyq.org

14 қаңтар 2016, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.