Атырау, 29 наурыз 19:08
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Адвокат Серік Ахметовтың айыпты екендігі туралы тергеу қорытындыларын негізсіз деп есептейді

3 294 просмотра

Image 0Қарағанды. 14 шілде. ҚазТАГ – Адвокат Қазақстан экс-премьері Серік Ахметовтың айыпты екендігі туралы тергеу қорытындыларын негізсіз деп есептейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Біздің қорғалушымыздың іс-әрекеттеріне тағылған айыптаулардан оның кінәлі екендігі туралы қылмыстық тергеу органының қорытындыларын негізді деп тапқан және оған қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істі сотқа жөнелткен прокуратура органдарының позициясымен біз өзіміздің келіспейтінімізді көрсеткіміз келеді», - деді С. Ахметовтың адвокаты Николай Лесник сейсенбі күні агенттікке.

Қорғаушы сендіргендей, қорғау жағы сотта С. Ахметовтың кінәсіздығын дәлелдеп жақтайтын болады.

«Қадағалау органына қорғау тарапы өз позициясын осыған дейін тапсырылған шағымдармен білдірген еді, олар қанағаттандырусыз қалдырылды. Сол себепті де өз позициямызды біз әрі қарай сотта дәлелдеп жақтайтын боламыз. Қорғаудың пікірінше, сотта қаралу пәніне айналатын біздің қорғалушымыздың кінәлі еместігін айғақтайтын айқын деректер мен себептер бар және ілгеріде, істің шынайы себептерінің есебінен, олар біздің пікірдің негізділігін растап шығады, оған сіздер өздеріңіз көз жеткізе аласыздар», - деп түйіндеді ол.

Барлығы С. Ахметовте 5 адвокат бар. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта іс әзірге өндіріске қабылданбаған, алайда ол тиісті 5 тәулік ішінде қабылданады деп сендірді.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді. Іс жүргізу прокурорының мәліметінше, қылмыстық іс 150-ден астам томнан тұрады, іс бойынша 20 күдікті өтуде.

Тергеу іс-әрекеттері өндірісінің біткендігі туралы құжатта барлық 20 күдіктінің аттары аталған: қорғаныс экс-министрі С. Ахметов, Қарағанды облысының экс-әкімі Б. Әбдішев, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ғ. Мұхамбетов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма экс-төрағасы Д. Айтжанов, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ бұрынғы лауазымды тұлғалары Ғ. Матаев пен Е. Қисықов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма экс-төрағасы Г. Рақымжанов, сондай-ақ «Металлургия-Металл өңдеу» Индустриялы паркі» (ММӨИП)» ЖШС бұрынғы жетекшілері мен директор орынбасар ы А. Эссе, Б. Ісқақов, О. Айменбетов, Қарағанды әкімінің экс-орынбасарлары М. Адамбеков пен А. Телғарин.

Сонымен қатар іс фигуранттары қалалық коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшылары А. Жәкенов, М. Шалтақов, қалалық сәулет және қала тұрғызу бөлімінің экс-басшысы мен қызметкері Қ. Мұсаев пен Б. Асқарова, Eco Treatment System және Sapa Project Group фирмаларының жетекшісі Д. Нұрбаев болып табылады.

Тергеу тұжырымы бойынша, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер кірген топ сыбайлас жемқорлық қылмыстар легін жасаған. Оларға ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру, лауазымды өкілеттерін кері пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, құжаттарды жалған жасау айыптары тағылуда. С. Ахметов $2,4 млн (T360 млн) көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Қарағанды облыстық прокуратурасы 13 шілде күні С. Ахметов, Б. Әбдішев, М. Смағұлов және облыс әкімдігінің басқа да лауазымды тұлғаларына, сауда ұйымдарының жұмысшыларына (барлығы 21 тұлға) қатысты қылмыстық іс материалдарының зерттеуі аяқталғанын хабарлады. Дәл сол күні жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық істің мән-жай бойынша қаралуы үшін Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жөнелтілді.

Дереккөз: ҚазТАГ

14 шілде 2015, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.