Атырау, 23 сәуір 23:23
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылды

3 362 просмотра

Image 0Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды, ол есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі келіншектің адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовқа сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. "Біздің тарап Гуанчжоу сотының шешімімен келіспейді. Апелляциялық инстанцияға үкімге шағым келтіреміз, оның қорытындысын қызығушылық танытқан адамдар біле алады", - деп хабарлады адвокат. Ол сотта Қазақстан СІМ өкілдері мен Ақжарқын Тұрлыбайдың туыстарының қатысқанын хабарлады.

Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінде есірткі заттары табылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 маусым 2015, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.