Атырау, 20 сәуір 04:31
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Джон Ордвей: Қазақстан барлығы үшін дос болып табылады және ешкім үшін де жау емес

4 813 просмотра

Фото: tengrinews.kzФото: tengrinews.kzАстана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. АҚШ президенті Барак Обама мамыр айында АҚШ сенатындағы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі лауазымына АҚШ-тың Өзбекстандағы қазіргі елшісі Джордж Кролдың кандидатурасын енгізді. Соңғы 10 жыл бойына біздің республикада дипломатиялық миссиясын атқарып жүрген АҚШ істерінің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей сапар алдында ҚазТАГ-пен өңірдегі ахуалдың дамуы мен АҚШ-тың әрт үрлі мәселелер бойынша позицияларын өзінше қалай бағамдайтынымен бөлісті.

- Қазақстандық-американдық қатынастардың қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз?

- Қазіргі таңда қарым-қатынастар айтарлықтай жақсы деп ойлаймын. Бұл менің Қазақстандағы үшінші мерзімім. Іс жүзінде Қазақстанға менің елші ретінде алғаш келген сәтімнен бері 10 жыл өтті. Егер бәрін жинақтайтын болсам, онда бес жарым жылдан астам осында болыппын. Қазіргі сәтте елдеріміздің арасындағы өзара қатынас бұрынғыдан гөрі әлдеқайда кеңірек және тереңірек екенін атап өткім келеді. Біз қазір көбірек алыс-беріс процестеріне, гуманитарлық байланыстарға қызығамыз. Қазақстан мен АҚШ азаматтары арасындағы байланыстар бұрынғыдан г өрі кеңірек әрі жиірек.

Құқық қорғау органдарының арасындағы ынтымақтастық бір кездері болған деңгейден де ең жоғарыда тұр. Бұған дәлел – Қазақстан бас прокурорының Вашингтонға сапары, өте жақсы өткен болатын. Сондай-ақ біздегі террорлыққа қарсы іс-қимыл ынтымақтастығы да тамаша деңгейде. Ядролық қару мен жаппай жою қаруын таратпау саласындағы қызметтестік алғаш рет араласуымызға түрткі болды және бұрынғысынша жақсы күйінде қалып отыр.

Сонымен қатар біз есірткі саудасына қарсы іс-қимылда белсенді жұмыс істейміз және бұл салада біз өте тиімді ынтымақтастыққа иеміз. Бізде ұзақмерзімдік ынтымақтастық жолға қойылған сала бар ол – адамдар саудасы саласы. Соңғы жылдары бұл салада алпамыс адымдар жасалды, бірақ әлі де болса көп салаларда жетеріміз бар. Біздің қатынастардың дамып келе жатқанына тамаша айғақ бұл Қазақстан азаматтары үшін бесжылдық америкалық визалардың енгізілуіне бір жыл толуы. Біз сондай-ақ Қазақстанның американдықтар үшін қысқамерзімді сапарларға арналған визасыз режім енгізгеніне қуаныштымыз.

- Қазақстан мен АҚШ өзара визалық режімді жеңілдетті. Соның ішінде, әңгіме бесжылдық визалар туралы болып отыр. Бұл өзара байланыстарды ұлғайту үшін қаншалықты көмектесе алады?

- Жыл сайын берілген визалардың саны өсіп келе жатыр деп ойлаймын және биылдың 7 айында біз тұтас 2013 жылдағыдан көп виза табыстадық. Қазір көп адамдар АҚШ-қа сапар шегуде. Жеке өз басым АҚШ-қа барғаны туралы өте жақсы әсерлерімен бөліскен көптеген адамдарды білемін және мен сөйлескен адамның әрқайсы өте бақытты әрі онда қуана-қуана қайтып баратындығын жеткізді. Біз адамдарды АҚШ-қа барып, кейін Қазақстанға кері оралуға ынталандырамыз.

- АҚШ 1991 жылдан бері Қазақстанға қанша инвестиция құйды және соңғы жылдары бұл белсенділіктің өсімі туралы айтуға бола ма?

- Барлық кезеңде инвестициялар $30 млрд-қа жуық соманы құрады деп ойлаймыз және бұл сан өсуін жалғастыруда. Инвестициялардың негізгі саласы о бастан бері мұнай-газ секторы болды, бұл өте қомақты инвестициялар жасаған Chevron, кейіннен ExxonMobil секілді компаниялардың күш-жігерімен жүзеге асты. Басқа бір айқын мысал бұл – General Electric және Қазақстан темір жолының локомотив жинау бойынша бірлесіп ашқан Астана маңындағы зауыты. Қазақстан үкіметінің жақында жариялаған инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шараларына байланысты біз оптимизмге толып отырмыз, себебі Қазақстан толықтай өндіруші экономикадан аулақтау үшін, өз экономикасын әртараптандырғысы келеді. Бұл американдық бизнес үшін жақсы жаңалық деп ойлаймын және біз Қазақстанмен жұмыс істеуге дайынбыз.

- АҚШ азаматтары үшін визалық талаптарды 2014 жылдың 1 шілдесінен 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін жою көрінісінде қазақстандық-американдық тауар айналым артады дегенді жоққа шығармайсыз ба?

- Бизнес-климатты жақсарту үшін бұл элемент өте маңызды болғанмен, шешуші емес деп ойлаймын. Бұл, мәселен, персоналды шұғыл кіргізу қажеттілігі туындауы мүмкін инвесторлар үшін өте пайдалы деп ойлаймын және олар осындай мүмкіндікті пайдалана алады. Немесе инвесторларда қандай да бір келісімді талқылау үшін бизнес-қажеттілік туындауы мүмкін және олар визаны күтпей-ақ келе береді.

Белгілі бір елде инвесторлар үшін бизнесті тартымды ететін бірқатар факторлар бар, және де Қазақстан мұнда инвестициялар тарту үшін, бизнес тарту үшін өте маңызды қадамдар қабылдап бағуда. Бірақ, осының өзінде мұнда жасап жатқан кәсіпорындар үшін жайлы жағдайлар жасауға Қазақстанның тағы көптеген шаралар қабылдауы керек деп ойлаймын. Елдің инвестициялар үшін тартымдылығын айқындайтын ең маңызды сипаттама елдегі жағдайға разы инвесторлардың бар болуымен көрінеді.

- Chevron сияқты компаниялар Қазақстанға айтарлықтай бұрын келген. Соңғы жылдары Қазақстанда қытайлық мұнай компаниялары мен банкілер жанданды. Бұл сіздерде алаңдаушылық тудырмай ма әлде бұл қарапайым нарықтық процесс пе?

- Жоқ, бұл бізді мүлде алаңдатпайды. Сіз өте дұрыс айттыңыз бұл – нарықтық процестер және бәсеке болуы тиіс. Тағы осындай фактор бар, яғни қандай компания қандай жобамен айналысады дегендей. Chevron секілді американдық ірі компаниялар басқа компаниялар игеруге жүрексінетін ауыр да, ауқымды жобалармен айналысады, және сондықтан да бұл жерде бәсекелестік және «инвестор» мен «инвестициялық жоба» деген тым жақсы жұптың орын тебу мәселесі бар.

- Кезінде Қазақстан Семей полигонын жауып, КСРО-дан ізбасарлыққа қалған әлемдегі төртінші ядролық потенциалдан бас тартты (1,2 мың ядролық оқтұмсықты 100-ден аса баллистикалық зымыран). Сонымен бірге, соңғы кездері посткеңестік кеңістікте әлемдік алпауыттардың кепілдіктері емес, дәл сол жеке ядролық қарудың болуы әлгі Украинаның аумақтық тұтастығын қамтамасыз етер ме еді деген пікірлер айтылып жүр. Сіздіңше, 21 ғасырда елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін не нәрсе әрекеттірек көрінеді: жеткілікті дәрежеде қарулану, қан дай да бір әскери блоктарға қосылу ма, әлде басқа бірдеңе ме?

- Кез келген елге сай келетін жалғыз ғана жауап болмайды. Әрбір ел өз жеке жағдайына сүйеніп, қолда бар өз мықты және әлсіз тұстарын, төнгелі тұрған қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерін бағалай білуі тиіс. Кез келген ел саясатының орталығы әскердің соғысқа дайындығын қолдау болып табылады деп ойлаймын, бірақ әскерден басқа елде күштің өзге де элементтеріне иек артқан дұрыс - жұмсақ күші бар элементтерге. Өйткені әр жағдайда армияны қолдана беру мүмкін емес.

Біз Қазақстанның осы салада ұстанған саясатына тамсанамыз. Ол барлығы үшін дос болып табылады және ешкім үшін де жау емес. Өзінің барлық көршілерімен өзара тығыз байланыстар құрудың бұндай стратегиясын біз қолдап-қолпаштаймыз. Және де біз оның бір бөлігі болсақ дейміз. Біз күшті Қазақстанның серіктесі болғымыз келеді. Бұл Қазақстанға саясаттың басқа да бағыттары үшін мықты серіктес ретінде көрінуіне жәрдемдеседі деп ойлаймын. Біз соғысқа дайындықты және қарулы күштер деңгейін арттыруда Қазақстанды қолдаймыз, бірақ бұның Қазақстаннның қауіпсіздік және қорғаныс стратегиясы бөлігіндегі барлық мәселелеріне деген жалғыз жауап еместігіне біз сенімдіміз.

- Соңғы 20-дан астам жылда посткеңестік кеңістікте бірнеше төңкерістер мен қақтығыстар орын алды, оның ішінде ешкімнің тарапынан танылмаған дерлік немесе мүлде ешкім танымаған аластатылған мемлекеттердің құрылуына әкелгендері де бар. Қазақстан көпвекторлы саясаты мен Нұрсұлтан Назарбаевтың мықты қолының арқасында мұндай жағдайдан қашып құтыла алды, бірақ болашақта осындай қауіп-қатерлерге төтеп беру үшін біздің елімізге не істеу қажет?

- Менің бұның алдындағы сұраққа берген жауабым көп жағынан бұл сауалға да жауап бере алады ғой деп ойлаймын, бірақ бұндай төңкеріс дегендердің екі факторы бар. Кейбір жағдайдарда сыртқы фактор орын алады, алайда көп жағдайда айтарлықтай үлкен рөлді ішкі фактор атқарады. Егер де әлдебір жерлерде сыртқы ықпал үлкенірек көрінсе де, өз ішкі факторларынсыз ол күштер айтарлықтай болмас та еді.

Қазақстанның жүргізіп отырған көпұлтты, мультимәдени және көпконфессиялы мемлекет саясаты кез келген этникалық немесе діни топ өз-өзін үлкен бір ұлттың бөлшегіндей жайлы сезінетіндей тамаша әсер беретін-ақ саясат. Бұл аумақтық тұтастық, тәуелсіздік пен егемендікті қамтамасыз ету үшін ең жақсы жол. Мен дәл дәйексөздің өзін ұмытып отырмын, бірақ онда өз ішінде бөлінген үйдің құлап қалатыны туралы айтылған. АҚШ тарихы мәнмәтінінде, азаматтық соғыс болған кезді айтсақ, біз ұлт бөлінсе, не болатынын өте қынжыла және жеке-дара ұғынамыз. Қ ұтаю мен гүлдену үшін бірлік аса маңызды.

- Санкциялардың санкциялар үшін жүктелмейтінін атап өтсем деймін. Олар белгілі бір жағдайдың бетін қайтару мен Украинадағы ахуалды алдыңғы мәртебесіне қайтару үшін енгізіледі. Біз Украинада барлығының көңілінен шығатындай етіп жанжалды бейбіт түрде шешуді жақтаймыз және санкциялар біз үшін тепе-теңдікті орнатуға арналған сыртқы ықпал етудің бейбіт жолдарының бірі болып табылады. Санкциялар, әрине, кейбір елдерге және біздің Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы әріптестерімізге өз әсерін тигізбей қоймайды, дегенмен санкциялар осынау кері ықпалдастықты мейлінше азайту үшін тұжырымдалған.

Біз олардың Ресейдің көршілеріне, атап айтқанда, Қазақстанға қандай да бір кері ықпал етуін қалаған жоқпыз. Қазақстан үшін ең үлкен қауіп ол ресейлік экономиканың өспеуі мен аз-маз құлдырауында және, мүмкін, бұл үдерістердің жылдамдатуы экономикалық жағынан Ресейге қатты тәуелді Қазақстанға әсер ететін шығар. Бірақ егер Қазақстанның әртараптандыру мен инвестициялар тарту жөніндегі ағымдағы саясатына қарайтын болсақ, онда бұл тек санкцияларға ғана емес, сонымен бірге жалпы алғанда экономиканың тәуелділігін азайтуға таптырмайтын қажет нәрсе.

- Өткен жылы американдық Standard&Poors рейтингілік агенттігі салмақты қатерлердің бірі ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ізбасары мәселесі бойынша жалғасып келе жатқан белгісіздікті атап өткен болатын. Бұл алаңдаушылыққа Ақ үй де ортақтаса ма?

- Осыған қатысты қазақстандық және шетелдік БАҚ-тарда өте көп ой-толғамдар болды, бірақ бұл біздің Қазақстанға қалай қарайтынымыз бен Қазақстанмен өзара іс-қимыл жасасуға және белгілі бір сәтте саяси билікте ауысым жасауға жеткілікті деңгейде күшті етіп шығаруға деген дайындығымызға еш әсерін тигізбейді. Біз іргелес елдерінің бәрімен тату көршілестікте отырған тұрақты да, гүлденіп келе жатқан Қазақстанға қызығушылықпен қараймыз. Бұл ықылас болашақта билікте кім болатынына қарамастан жүре береді.

- Қазақстанның кезекті президенті РФ-мен әртүрлі одақтарға қатысудан алшақтайды деп күтесіз бе?

- Бұл Қазақстанның өз бетінше қабылдауы тиіс шешімі. Біз Қазақстанмен ара қатынасымыз тұрақты болып, бұрынғысынша қос ел үшін де маңыздылығы мен мәнділігін жоғалтпау жағын қолдаймыз. Біз одан да мынадай немесе басқаша жолмен жасау керек деп айтпаймыз. Біз неліктен сізге екеуімен де бармасқа дейміз. Біз Қазақстанмен арадағы қатынастарымызға мүдделіміз. Олар тұрақты, мықты және кеңеюде, және де біз осындай рухта жалғастыра бергіміз келеді. Қазақстан серіктестерімен өз қарым-қатынастарын қалай құру керектігін өздігінше шешіп қабылдай тын болады және олар нашар немесе жақсы жағына қарай өзгеруі ықтимал, бірақ бұл бізге қатысты нәрсе емес.

- АҚШ-тың Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына және оған Қазақстанның қатысуына деген көзқарасы қалай?

- Бұл да Қазақстанның жеке мүдделерді бағалау негізіндегі өз бетінше қабылдайтын шешімі. Егер біз тарихи картаға қарайтын болсақ, онда Қазақстанның Ресеймен маңызды қатынастары әрқашан болғанын түсінеміз. Жабық жүйе болып қалмай, басқа елдермен өзара қарым-қатынастар үшін ашық-жарқын болып қала беруіне қарай, біз оның өз көршілестерімен қатынасын қалайша құратынына қатыссыз-ақ Қазақстанмен өзара әрекет ететін боламыз. Егер Қазақстан саудаға, инвестицияларға, сан алуан байланыстарға ашық болатын болса, онда бұл біз үшін жақсы. Егер Еуразиялық одақ осылайша құрылатын болса, онда бұл біздің көңілге қонады.

- Демек, қазіргі таңда нарықтық экономикасы бар Қазақстан демократиялық мемлекет емес пе?

- Бір мемлекетке немесе басқа мемлекетке жабыстыра салып, оның солардың қатарына жататынын немесе жатпайтынын анықтайтын нақты лейбл жоқ, және Қазақстанды да қазіргі таңда мыналардың қатарына жатады немесе жатпайды деп айтуға болмайды. Әр мемлекеттің өзінің артықшылықтары және күштірек тараптар да бар. Әр мемлекет туралы бірнәрсе айтуға болады, оның ішінде АҚШ туралы да. Біздің қөзқарасымыз бойынша, экономиканы әртараптандыруға немесе саяси жүйені жаңартуға және институционалды инфрақұрылымдарды жақсарту үшін жоспарлар мен бо лашаққа қадамдар бар, олар үкіметтің қажетті деңгейде қызмет көрсетуі үшін үкімет пен халық арасындағы өзара жақсы байланысты қамтамасыз ететін еді, халықтың өз пікірі мен қалауларын үкіметке жеткізе алатын мүмкіндігі болар еді, жұмыс жүргізілуде.

- АҚШ Қазақстаннан демократияны дамыту бойынша қандай да бір тәжірибе ала ала ма?

- Біз ешқашан тәжірибемізбен бөлісуден ұялған емеспіз. Біздің үкіметтік емес ұйымдарымыз өте көп, олар бізбен белсенді жұмыс істейді және өз ұсыныстарын береді. Бұл көмек оларда тыйым салынады немесе мұндай ұйымдардың көмегіне, Human Rights Watch сынды ұйымдарға және өзгелерге жүгіне бермейді, олар жағдай бойынша өз әсерлерін жеткізеді.

Ал, үкіметке байланысты айтатын болсақ, бізде ауыспалы бағдарламалар бар, бұл оның қаншалықты ауыр екенін көрсететін - яғни демократияны қалыптастыруда тәжірибе алмасуда бірегей үздік әдіс болып табылады. БАҚ үшін кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында арнайы бағдарлама бар, жергілікті деңгейде жұмыс істеу. Көптеген бағдарламалар Қазақстандағы барлық қажеттіліктерге жауап береді.

АҚШ-та жұмыс істеуге арналған жазғы Work and Travel бағдарламасы бар. Мыңдаған студенттер Қазақстаннан жұмыс істеуге келеді, он мыңдаған туристер Қазақстаннан келіп Американы тамашалайды. Онда оларды қабылдауға болатын көптеген сабақтар бар.

- Ал, сіздерде Travel and Relax сынды бағдарламалар бар ма?

- Жоқ, ол туризм деп аталады (күлді). Сіздер жеке барып, Үлкен Шатқалдың Шарын шатқалынан едәуір үлкен екеніне көз жеткізе аласыздар немесе Висконсия штатының астанасына барып заң шығарушылардың губернатормен қалай алысатынын көре аласыз.

- Дегенмен, АҚШ-тан Қазақстан не үйрене алады?

- Бұл өте жақсы сұрақ. Дәстүрлі түрде біз Қазақстаннан көпұлттылықты, көпконфессиалы мемлекеттілікті үйренуге тырысамыз. Біз америкалық тәжірибемен салыстырамыз. Әрине жағдай да және тарих та бізде әр түрлі, дегенмен қызықты, себебі біз оны бір мақсатта, бір нәтижеге жету үшін жасаймыз. Егер, өзге де қажеттіліктер туралы айтатын болсақ, бізде технологиялар саласында серіктестік бар. Бұл салада да тәжірибе алмасу жақсы жүруде, себебі Қазақстанның бірегей тәжірибесі бар және ол біздің ғалымдар үшін қызықты, сонымен қатар, біз осы саладажақын қарым-қатынас орнатқанымыз үшін қуаныштымыз. Дәл осы қатынастар өзара тиімді алмасу болу үшін әлеуетті құқықтық теңдікке ие.

- Соңғы кездері Қазақстандағы діни бірлестіктер осы саладағы талаптардың күшейтілгеніне шағым түсірген болатын. Қазақстанда діни бостандық пен адамдардың құқығы сақтала ма?

- Бізде аталмыш саладағы заңнамаға өзгертулер енгізу турасында қобалжу бар. АҚШ әрқашан өзінің діни көзқарасын еркін жеткізуді қолдап келеді.Осы ретте, менің ойымша кейбір мәселелер бойынша либералды саясатты құру мүмкіндігін қарастырған жөн, себебі болашақта Қазақстан өзі таңдаған толеранттық жолымен жүруде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

- АҚШ дипломатиялық қатынас орнатқаннан бері, Қазақстанда демократияның дамуына, институттар мен мен азаматтық қоғамның дамуына қаншалықты шығындалды?

- Мұндай мәліметтер жоқ, алайда біз қарап шығамыз... 2014 жылы АҚШ үкіметі демократия мен басқару бағдарламаларына қолдау көрсету үшін 2,361 млн долларды ұсынды. Жалпы, Қазақстанға 11,1 млн долларға көмек көрсетілді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда аз, сол кезде демократиялық және басқару бағдарламаларына 2,799 млн.долларға қолдау көрсетілген болатын. Барлығы өткен жылы Қазақстанға 13,96 млн долларға көмек көрсетілді.

Әу баста-ақ біздің жұмысымыз бірнеше бағыттарға жұмылдырылған болатын. Негізгісі және шығыны көп ынтымақтастық саласы жаппай қырып-жою қаруын таратпау - Нанна-Лугара бағдарламасы және іске қосылатын шахталарды герметизациялау, БН-350 реакторын жабу, ядролық отын үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, референс-зертханасының құрылысы сынды бағыттар.

Ұзақ жылдар бойы, Қазақстан орташа табысы бар мемлекеттер қатарынан болғандықтан біз денсаулық саласында көмек көрсеттік. Сонымен қатар, экономикалық даму саласында да белсенді жұмыс істедік және қазіргі таңда қазақстандық үкіметпен бірлесіп бірқатар жобаларды қаржыландырудамыз.

Бізде көптеген бағыттар бойынша тәсілдеріміз үйлестірілген. Олар білім және ядролық қару-жарақты таратпау, терроризммен күрес, демек қаржылардың барлығы осы бағыттар бойынша жіберілуде. Сонымен қатар бізде, әскери ынтымақтастық бойынша бағдарлама бар.

- Ауғанстаннан әскерилерді шығарғаннан кейін Орталық Азия елдері мен Қазақстан қауіптен өз бетінше қорғана ала ма?

- 2014 жылдың соңына қарай Ауғанстаннан әскерилер шығарылатыны белгілі, алайда жергілікті қауіпсіздік күштеріне тәліптік көтерілісшілермен күрес жолында АҚШ және оның жақтастары Ауғанстанда қала береді, Орталық Азия қауіппен жалғыз өзі қалады деуге болмайды. Қазақстанда баяғыша ауғанстандық студенттерге білім беру бойынша әлеуетті қауіпті төмендету рөлі қала бермек, сауда-саттық орнату, экономикалық даму және құрылып жатқан KazAID бірлескен агенттігі (халықаралық даму бойынша агенттік - ҚазТАГ) үшін потенциал бар. Алайда, алдағы ж ылдары біз Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста боламыз және әрқашан сағат уақытын жөндеп тұрамыз.

- АҚШ-тың Қырғызстанда әскери базасы болды. АҚШ Қазақстанда немесе Қазақстан АҚШ-қа әскери базаны Қазақстанда ашу бойынша өтініш жасады ма?

- Жоқ.

- Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері қанша азаматқа еркін жүріп-тұру құқығы мен АҚШ азаматтығы берілді? Аталмыш процесте қандай да бір трендтер туралы айтуға бола ма: Қазақстаннан АҚШ адамдар ағымы соңғы жылдары төмендеуде ме, әлде артуда ма? Олардың көбі АҚШ Greencard лотереясы арқылы бара ма?

- Нақты мәліметтер жоқ, алайда көршілеріңізбен салыстырғанда анағұрлым төмен деуге болады. АҚШ-та өзбектердің ірі қауымдастығы, орыстардың үлкен қауымдастығы бар, алайда қазақтардың ірі қауымдастығын мен көрмеппін. Менің ойымша сан тұрғысынан айтатын болсақ ол соншалықты көп емес.

- 90 жылдардың басында АҚШ-тың қанша азаматы Қазақстанның азаматтығын алды? Жалпы сондай ниеті бар адамдар болды ма?

- Білмеймін. Мен АҚШ-қа кетіп қалған қазақстандықтарды білемін, алайда олар Қазақстанға қайта келді. Алайда, мен АҚШ азаматығынан бас тартқандар туралы білемін деп айта алмаймын. Мүмкін ондайлар бар шығар, алайда мен оларды білмеймін.

- Қазақстандық балалардың басым көпшілігін америкалық азаматтар асырап алды. Осы ретте Қазақстан қарама-қарсы байланыстың жоқтығы және олардың өмір сүру жағдайы турасында ашықтықтың жоқтығы, АҚШ біздің балаларымыздың құқығын қорғау туралы көп айта бастады. Жалпы, АҚШ Қазақстандағы балаларға жыныстық зорлық көрсету жағдайларының қаупі мен жыныстық азшылық өкілдерінің бала асырап алу көрсеткішін есепке ала отырып әр асырап алынған қазақстандық бала туралы есеп беруге дайын ба?

- Баланың баратын ең жаман жері ол балалар үйі. Негізгі мақсат оларды отбасына орналастыру. Сонда бала қазақстандық болса, ол қазақстандық отбасында болуы керек пе. Мұнда үйлесімсіздік бар, мүмкін мұндай балаларға деген сұраныс аз шығар, дегенмен жағдай жайлап түзеліп келеді. Алайда отбасын қажет ететін балалардың саны басым және олар оны таппауда, тіпті кейбіреулерінің мүмкіндігі шектеулі.

Біз осындай мүмкіндіктер болса, ол балалардың өз отбасы болғанын қолдаймыз. Мен жеке өз басым Қазақстан балаларының Қазақстаннан Америкаға барғанын және олардың керемет отбасы бар екенін көрдім. БАҚ-та проблемалы отбасылар туралы қаншама материалдар болғанымен, өз елінде қалғанда балалар үйінде болмайтын жақсы өмірі мен болашағы зор балалар бар және ондай жағдайлар көп. Мәселе оларға балалар үйінде қалай қарайтынында емес, 18 жасқа толғаннан кейін сен кімсің және қайдасың.

Қазіргі таңда асырып алған балалар туралы ақпарат жинастыру және арнайы есеп жүргізу бойынша белсенді компаниялар жүргізілуде және үлкен күш жұмсалуда. Алайда, халықтың бұл тобын міндеттеу немесе шақыру бойынша бізде өзге құралдар жоқ.

Біз мәліметтерді өз еркімен беру жолымен жүріп келеміз. Нақты орталықтандырылған тіркеу орталығы жоқ, алайда біз болашақтағы асырап алу жағдайлар бойынша қажет болса қолдау көрсетеміз. Болашақта біз ата-аналарға қандай да бір есеп беруін және оны баланы асырап алу кезеңінде беруін міндеттей аламыз, алайда соншалықты ретроспективті әрекеттер жүргізуге болмайды, себебі міндеттемелер болған емес. Алайда біз бала асырап алуды қайта жаңдандыру үшін бұл процеске қолдау көрсетеміз.

- Сұхбатыңызға рақмет

Дереккөз: ҚазТАГ

14 тамыз 2014, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.