Атырау, 20 сәуір 03:04
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Браконьерлерге құрық салынды ма?

2 635 просмотра

Облыстық табиғат қорғау прокуратурасында «Жайық – көлік жолы емес!» («Урал – не проезжая часть!») атты акцияның қорытындылары туралы әңгімеледі.

Акция 3 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтті. Облыстық табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВТІҢ айтуынша, акция шеңберінде құқыққорғау органдарының қызметі заңсыз өндірілген балықты тасымалдау үшін браконьерлер пайдаланатын көлік құралдарын анықтауға бағытталған.

Нәтижесінде 58 мотоцикл мен 3 автокөлік тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды, 47 келі бекіре тұқымдас және 6 тонна қара балық тәркіленіп алынды. 2 қылмыстық іс қозғалып, 71 әкімшілік өндіріс қозғалды.

Атап айтқанда, 14 ақпанда №17 теміржол разъезінің маңында Атырау-Астрахан тас жолында полицейлер бортты «Газельді» тоқтатты. Оның шанағында ілеспе құжаттарсыз 362 келі қара балық болған. Балық қожайынына қарсы ҚР ҚК-нің 183-бабы («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 ақпанда Дамбы округінің Амангелді поселкесінің маңында табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері 612 келі қара балық тиеген «Фольксваген Гольф» көлігін тоқтатты. Жүргізушіге қарсы ҚР ҚК-нің 183-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

28 ақпанда жедел шаралар жүргізу кезінде Атырау қаласындағы Жарбосынов көшесінің бойындағы үйдің ауласынан ресейлік Омбыдан алынған, тіркелмеген 7 мотоцикл табылды. Материал қаржы полициясына жіберілді.

- Бұдан басқа, Жайық өзенінің сағасында мұз астынан 125 полиэтилен ау құралдары алынды, - деп хабарлады Қ.Өтеулиев.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 наурыз 2014, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.