Атырау, 18 қыркүйек 01:35
Таңертең ашық+23, күндіз +26
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 385.42  € 424.58  P 6.00

Басқа жаңалықтар


Страницы:1234...394

предыдущаяследующая


1 шілде

17 қыркүйек

Фариза апталығы аяқталды    

Атырауда көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ 80 жылдығына арналған апталық Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жергілікті өнер ұжымдарының концертімен қорытындыланды. Бұған дейін апталық аясында республикалық ақындар айтысы, сурет көрмесі, поэзиялық кештер өтті.

202 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Нұрсая ықшамауданы тұрғындарының қаперіне!

«Атырау жылу жүйелері» АҚ Нұрсая ықшамауданындағы жылу тарату жүйесіне жөндеу жүргізілуіне байланысты келесі тұрғын үйлерге ыстық су беру тоқтатылатынын хабарлайды. Бұл жылу жүйесі қалалық ТКШ бөлімінің балансында тұр. Қазіргі уақыттта мердігер мекеме құбыр ақауын жоюмен айналысуда:  

250 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


16 қыркүйек

Атырау әуежайында әскери ұшқыш Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнатылды    

Бүгін, 16 қыркүйекте, Атыраудың Халықаралық әуежайында жерлесіміз, Ұлы Отан соғысына қатысқан ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз ДОСПАНОВАНЫҢ ескерткіші ашылды. Мәрмәр тастың үстіне орнатылған қола ескерткіш 2,3 метр, ал композицияның жалпы биіктігі - 5,5 метр.

418 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Атырау облысы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы тағайындалды ДОПОЛНЕНО  

Бүгін, 16 қыркүйекте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев активке өзінің жаңа орынбасарын – бұған дейін Мақат ауданының әкімі болған Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫ таныстырды.  Құрылыс және ТКШ саласына жетекшілік еткен бұрынғы орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» лауазымынан босатылды. Қандай жұмысқа ауысқаны айтылмады.

1173 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Жемқор азығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері Исатай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының (аудандық СЭС) басшысын ұстады. Ол қоғамдық тамақтану саласында жалпы қамқорлық жасағаны үшін кәсіпкерлерден 50-80 мың теңге аралығында жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

761 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Сол жақ жағалауда 20 қыркүйекке дейін газ болмайды

16-20 қыркүйек аралығында Атырау қаласының сол жағалауының басым бөлігінде (теміржол көпірі мен Дамба ауылы арасында) газ беру тоқтатылды. Себеп – №1 газ тарату станциясында жоспарлы-сақтандыру жұмыстарын жүргізу.

627 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

«Атырау жылу жүйелері» АҚ жылу жүйелерін күрделі жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес, 17-18 қыркүйек аралығында қаланың магистральдық жылу жүйелерінде гидравликалық тығыздықты сынау (қысыммен тексеру) жүргізілетінін хабарлайды.

674 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


15 қыркүйек

Құлсары трассасындағы апат: үш адам қаза болды  

Бүгін, 15 қыркүйекте таңда, Құлсары-Атырау трассасының 40-шақырымында Тойота Sienna минивэні мен прицепсіз жүк көлігі соғысып, оқиға орнында үш адам қаза болды.

2955 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


16 қыркүйек

Алаңда адасқан балалар табылды

2 қыркүйекте Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы атап өтілген күні орталық алаңда 93 бала жоғалған. Алаңға мерекені тамашалауға көп адам жиналған. Бірақ, бақтарына орай, көп ұзамай адасқан балалардың барлығы табылды.

542 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


14 қыркүйек

Бізде «мәселелер қалай шешіледі»

«Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторинг» зерттеу жұмысы аясында Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры облыс және аудан орталықтарындағы 9 мың респондентке сауалнама жүргізіп, «Ашық диалог» порталына түскен 568 шағымды зерттеді.

681 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Суармалы су құбыры наурызда іске қосылады  

Атырауда суармалы су құбыры құрылысының екінші кезеңі аяқталуға жақын. Қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің хабарлауынша, жақын арада оған қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорын құрылады.

586 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Полиция тағы 14 құрылысшыны ұстады

Атырауда «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңінде полиция қала маңындағы көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысында жасырын жұмыс істеп жатқан Өзбекстанның 14 азаматын анықтады.

885 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Тағы екі аптаға шегерілді

Атырауда қоғамдық көліктерге дифференциалдық тариф енгізу күні (электрондық карта бойынша төлеу 80 теңге және қолма-қол ақшамен төлеу 150 теңге) 15 қыркүйектен 1 қазанға ауыстырылды. Бұған себеп - ең алдымен азаматтардың жол жүру карталарын алу белсенділігі төмен болып отыр.

763 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


13 қыркүйек

Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр-2

Бүгінгі таңда Атырау облысында 3820 жеке тұлға тұрғын үйді ресми жалдап жалдап отыр, оның ішінде жыл басынан бері 1030 жеке кәсіпкер тіркелген. Мемлекеттік кірістер департаментінде бұл цифрдың айтарлықтай көбеюіне - белсенді түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ, өткізілетін рейд нәтижелері себеп болғандығына сенімді. Ал Атырау полициясы бұл салада алаяқтықтың көбейгенін атап өтті.

953 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


12 қыркүйек

Алаяқ ғаламторда өзін судағы балықтай сезінеді

Жыл басынан бері мұнайлы астананың 276 тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінен хабарлады.

646 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Оқулықтар жауынның астында қалды    

Әлеуметтік желілерде 11 қыркүйекте Атыраудағы №2 мектептің ауласында жауыннан жиналған шалшық үстінде жиналып тұрған кітап қаптамалары түсірілген бейнежазба таралып кетті. «АЖ» бұл турасында қалалық әкімдіктен түсінік алды.

808 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Өрт қауіпсіздігі тексерілді

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері 300-ге жуық балабақша мен мектепті өрт қауіпсіздігі бойынша тексерді. Осындай 32 нысанды тексеру сол жерде жөндеу жұмыстары аяқталғанша кейінге қалдырылды.

529 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Сәбиге қол көтерген тәрбиеші жазаланды

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданындағы жеке балабақша тәрбиешісіне қатысты іс қаралды. Ол кішкентай бүлдіршіннің бірін ұрып-соқты деп айыпталған еді. Сот-медициналық сараптама сәбидің жеңіл дене жарақатын алғанын және емделуге тура келгенін анықтады.

714 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Аса маңызды істер бойынша тергеушіге қойылған ыңғайсыз сұрақтар  

№2 қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-тармағы (Қоғамдық бiрлестiкке қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАҒА қатысты сот процесі жалғасуда.

1535 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Атырау қаласының әкімі апатты үйлердің тұрғындарымен кездесті

Қала басшысы Достық көшесі, 14 және Бейбітшілік көшесі, 64 мекенжайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйлерге барды деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

682 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ


11 қыркүйек

«Балапан» - 3 жастан жоғары балаларға арналған

- 2 жасқа дейінгі балалар «Балапан» бағдарламасына қатыса ала ма?

471 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Елордалық сарапшылар атыраулық дәрігерлердің қателігі қылмыстық бапқа негіз болатындығын көрсетті

Атырау қалалық прокуратурасы жаңа туған нәресте өлімі бойынша №3 қалалық емхана дәрігерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Бұл балалардың аналары перинаталдық орталыққа босануға бармас бұрын осы емхана бақылауында болған. Қызметтік тергеу мен елордалық сарапшы мамандар жүргізген тексеру нәтижелеріне сүйенсек, дәрігерлердің бұл өлімнің алдын алуға мүмкіндіктері болған.

884 рет қаралды   Әзірге комментарийлер жоқ

Страницы:1234...394

предыдущаяследующая



1 2 3