1 комментарий

1 Аноним 15 маусым 2019 10:30
Ой өрісіңізді кеңейтіп, ойлау сапасын көтергіңіз келеді ме.?! Жаңа идеялар туғанын қалайсыз ба.?! Оқырманның бәріне бірдей ұнайтын мақала жазғыңыз келеді ме.?!



Олай болса, алысқа бармай-ақ Ақжар селосының тұрғыны ретінде сізді сонааау Талқайраннан бастау алатын қала шекарасына дейін көз салып қайтуға арналған саяхатымызға шақырамыз! Бағдарлама барысында сізді таңдандырар табиғи, терең, сапалы ойық-тесіктерді кездестіретініңізге кепілдік береміз! Қаласаңыз, солардың фонында естелік үшін суретке түсуге де арнайы рұқсатымыз бар!



Құны: тегін. Талап: өз көлігіңіздің болуы.



*Ескерту: іс-шарамызда супергеройлардай спец эффектпен қара жолдан шыға қалатын бесстрашный жүргізушілерді, жол бойында түрлі себеппен кетіп бара жататын аймақ тұрғындарын, сондай ақ ұшатын жүк көліктерін көрсеңіз - қорықпаңыз, бәрі бұл жүйеге үйренген, қауіп төндірмейді!



Келіңіздер! Қызықтаңыздар! Көріңіздер!

0   0

Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.