Атырау, 20 апреля 04:07
 ясноВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​«Қызықты ғылым» - КҚК-ның Атыраудағы жаңа жобасы

PR Фото Видео
4 228 просмотров

6 сәуірде Атырау қаласындағы «Абай» орталығында «Атырау мұнай және газ» Солтүстік-Каспий өңірлік көрмесі ашылды. 

Беларусь, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, АҚШ, Түркия мемлекеттерінен 60-тан астам компания қатысқан көрмеде Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) білім саласына арналған «Қызықты ғылым»  деп аталатын жаңа қайырымдылық жобасын таныстырды.

Жобаның мақсаты туралы баспасөз мәжілісінде КҚК-ның пиар маманы Айна ЖЕТПІСБАЕВА тарқатып берді. Мектеп оқушылары мен ұстаздарға арналған «Қызықты ғылым» елімізде алғаш рет Атырау қаласынан бастап жүзеге аспақ. Жоба 2016 жылдан бері Қазақстанда қазақ тілінде шығарылатын әлемге әйгілі «National Geographic» журналымен бірлесіп жүзеге асырылады. Мақсаты - қазақ тілді оқушылардың білім сапасын арттыру, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында ғылымға қызығушылықты күшейту. 

- «National Geographic» журналымен 2017 жылдан бері серіктес болып, журналды Атырау облысындағы мектептер мен колледж, ЖОО, кітапхана секілді 300 астам білім ошақтарына тегін жеткізіп келеміз. Алайда журналды сабақ барысында пайдаланатын география, биология, химия пәні мұғалімдері контент арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болатын мүмкіндіктерін түсіне алды ма? Оған қоса қазақ тілді мектептердегі білім сапасының қаладағы орыс тілді мектептермен салыстырғанда төмен екендігі туралы мәселелерді анықтай келе, серіктесімізден кеңесіп осы жобаны қолға алдық, дейді А.Жетпісбаева.

Жоба жаңа оқу жылында іске асып, биыл сынақ ретінде қала мен аудандардан бірнеше мектепті қамтымақ. Әсіресе ауылдық мектептерде оқып жүрген балалардың білім дәрежесін көтеруге септігі мол. Алғашқы нәтижесін көрген соң алдағы жылы ауқымын кеңейтіп облыс көлемін қамту жоспарда бар.  

«National Geographic» журналы редакциясының басқарушы директоры Қанат АБАШОВ жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады деп атап өтті.

Білім ұйымдары соңғы 4-5 жылдан бері журналды тұтынып, онлайн тегін платформамен танысты. Ол ұстаздарға таптырмас құрал. Енді олардың біліктілігін келесі деңгейге көтеру үшін, осы журналға қосымша кішігірім трениг-семинарлар өткізуді жоспарлап отырмыз Бұл жобаның бір бөлігі. Екінші бөлігі оқушыларға ғылымның қаншалықты қызықты болатынын жеткізіп, қызығушылылығын арттыру, - дейді Қ.Абашов.

- Қазақстан бірнеше жылдан бері білім беру саласындағы халықаралық зерттеулерге қатысып келеді. Сол зерттеулердің бір нәтижесі - біздің білім жүйесінің алдында біраз мәселелер бар екенін көрсетеді. Соның ішінде қазақ тіліндегі контенттің аздығынан орыс тілді сыныптар мен қазақ тілді сыныптардың тең емес мүмкіншіліктері. Орыс сыныптың оқушылары ресейден келетін қосымша кітаптарды пайдаланып, онлайн платформада да қосымша білімге қол жеткізе алады. Ал, қазақ тілді оқушылардың ондай мүмкіндіктері жоқ. Каспий Құбыр Консорциумының қолдауымен жүзеге асатын бұл жоба оқушылардың ана тіліндегі контентпен ғылымды тереңірек түсінуіне мүмкіндік ашып, жергілікті мектептердің кітапхана қорын толтыруға септігін тигізеді.

Айта кетейік, Каспий Құбыр Консорциумы 2001 жылдан бастап денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, экология бағыттарында  жыл сайын қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып келеді. Сол жылдан бастап 11 миллиардтан астам теңгені қайырымдылық жобаларына жұмсады. Компанияның қаржылық көмегімен Атырау облысында мектептер, балабақша т.б әлеуметтік нысандар салынды. Пандемия кезінде шалғайдағы Құрманғазы ауданына компьютерлік томография аппараты сатып алынып, бірнеше науқастың денсаулығын жақсартуына септігін тигізді. 

7 апреля 2022, 17:01

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 771 37 800 38 и на editor@azh.kz

Комментарии отключены