Атырау, 19 сәуір 04:41
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Әлемде

АҚШ: Иранға инвестиция салуға әлі ерте Әлемде

АҚШ: Иранға инвестиция салуға әлі ерте

Вашингтон Иранның инвестиция салуға әлі дайын емес екенін мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джефф Ратке бұл туралы ирандық ақпарат агенттіктерінде тараған "Тегеранға инвестиция мәселелерін талқылау үшін АҚШ делегациясы келе жатыр" деген ақпаратқа байланысты түсінігінде айтты. 5 мамыр 2015, 13:02 1 321 просмотра
Царнаевтың туыстары сотта жауап берді Әлемде

Царнаевтың туыстары сотта жауап берді

Бостон марафонындағы жарылыстарды ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың туыстары Бостон федералдық сотында жауап берді. Соттың бұл екінші кезеңінде алқа судьялары Царнаевқа я өлім жазасын, я өмір бойы түрмеде отыру жазасын тағайындауды шешпек. 5 мамыр 2015, 10:46 1 951 просмотра
Зариф: Резаянды арнайы қызмет пайдалануы мүмкін Әлемде

Зариф: Резаянды арнайы қызмет пайдалануы мүмкін

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Нью-Йоркте Washington Post басылымының Тегерандағы бюросы басшысы, тыңшылық жасады деген айыппен Иран абақтысында отырған Джейсон Резаянның беделін АҚШ үкіметімен байланысы бар болуы ықтимал арнайы қызмет агенті түсіруі мүмкін деп мәлімдеді. 30 сәуір 2015, 15:45 1 589 просмотра
Навальныйдың Прогресс партиясы тіркеуден шығарылды Әлемде

Навальныйдың Прогресс партиясы тіркеуден шығарылды

Ресей әділет министрлігі оппозицияшыл белсенді Алексей Навальныйдың Прогресс партиясын тіркеуден шығарды. Әділет министрлігі бұл шешімді партияның облыстар мен аймақтардағы бөлімдерінің кемінде жартысын тіркеу талабын орындамағандықтан шығарғанын айтады. 29 сәуір 2015, 14:56 1 312 просмотра
Жапония премьері Мәскеудегі парадқа бармайды Әлемде

Жапония премьері Мәскеудегі парадқа бармайды

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Мәскеуде екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығы құрметіне өтетін парадқа бармайтын болды. Премьердің баспасөз хатшысы Йошихиде Суганың айтуынша, Синдзо Абэ Мәскеуге жұмыс кестесінің тығыздығынан бара алмайды. Премьердің орнына парадқа Жапонияның Ресейдегі елшісі қатыспақ. 28 сәуір 2015, 15:19 1 165 просмотра
​Афроамерикалықтың өлімінен кейін Балтиморда тәртіпсіздік болды Әлемде

​Афроамерикалықтың өлімінен кейін Балтиморда тәртіпсіздік болды

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында афроамерикалықтың өліміне байланысты наразылық білдірушілермен полицейлер арасында қақтығыс болды, - деп хабарлайды CNN. 28 сәуір 2015, 09:50 1 692 просмотра
АҚШ-та жерлеу рәсімі кезінде атыс шықты Әлемде

АҚШ-та жерлеу рәсімі кезінде атыс шықты

АҚШ-тағы атыс кезінде екі адам қаза болып, төрт адам түрлі жарақат алды, - деп хабарлйды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Атыс 27 сәуірде жерлеу рәсімі кезінде Нью-Йорктегі шіркеулердің бірінде болды. 28 сәуір 2015, 09:47 2 549 просмотра
​Қырғызстан билігі Жеңіс шеруін 7 мамырға ауыстыру идеясынан бас тартты Әлемде

​Қырғызстан билігі Жеңіс шеруін 7 мамырға ауыстыру идеясынан бас тартты

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған республикадағы әскери шеруді 9 мамырда өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. 27 сәуір 2015, 17:48 1 739 просмотра
"Боко Харам" атауын өзгерткеннен кейін "Ислам мемлекетімен" бірікті Әлемде

"Боко Харам" атауын өзгерткеннен кейін "Ислам мемлекетімен" бірікті

"Боко Харам" радикал тобы атауын "Ислам мемлекетінің батысафрикалық провинциясы" (Islamic State's West Africa Province = Iswap) деп өзгерткеннен кейін "Ислам мемлекетімен" бірікті, - деп хабарлайды РИА Новости. 27 сәуір 2015, 12:04 1 465 просмотра
Ресей оппозициясы АҚШ-қа "Немцов тізімін" жіберді Әлемде

Ресей оппозициясы АҚШ-қа "Немцов тізімін" жіберді

Ресейдің оппозициялық ПАРНАС саяси партиясының тең төрағасы Михаил Касьянов АҚШ конгресіне оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовты "қудалауға қатысы бар" деп санайтын сегіз адамның тізімін жіберді. Касьянов "Немцов тізімі" деп аталған тізімдегі сегіз адам "Магнитский актісі" тізіміне қосылады деп үміттенеді. 24 сәуір 2015, 16:42 1 417 просмотра
Ресейде Жеңіс күніне рақымшылық жарияланды Әлемде

Ресейде Жеңіс күніне рақымшылық жарияланды

Ресей мемлекеттік думасы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына байланысты рақымшылық жариялады. Ресми есеп бойынша, рақымшылыққа 260 мыңнан 400 мыңға дейін тұтқын ілігуі мүмкін. Бірақ құқық қорғаушылар рақымшылық жасалатындар саны бұдан бірнеше есе аз болуы мүмкін дейді. 24 сәуір 2015, 16:38 2 053 просмотра
Ресей мен Аргентина энергетикалық келісімдер жасасты Әлемде

Ресей мен Аргентина энергетикалық келісімдер жасасты

Мәскеуде өткен кездесуде Ресей президенті Владимир Путин мен Аргентина президенті Кристина Фернандес де Кришнер екі ел арасында «жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық» орнатылатынын мәлімдеді. Қос президент энергетика саласындағы бірқатар алдын-ала келісімге қол қою шарасына қатысты. 24 сәуір 2015, 09:42 2 143 просмотра
Қырғызстан премьері Жоомарт Оторбаев отставкаға кетуге өтініш берді Әлемде

Қырғызстан премьері Жоомарт Оторбаев отставкаға кетуге өтініш берді

Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев отставкаға өтініш берді, - деп хабарлайды РИА Новости. Өз шешімін ол бүгін, 23 сәуірде үкіметтің 2014 жылғы есебін парламентте таныстырғаннан кейін айтты. 23 сәуір 2015, 15:44 2 176 просмотра