Атырау, 28 наурыз 22:28
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі атыраулық мүгедектердің көңілін қалдырды

1 375 просмотра

Өткен аптада Атырауға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан АУКЕНОВ келді. Оның келетіні туралы еш жерде ақпарат болған жоқ. Тек ол Нұр-Сұлтанға кері кеткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті Facebook-тегі парақшасына бір минуттық бейнежазба жариялады.

Бейнежазбадан көргеніміздей, вице-министр әлеуметтік мекемелерге, оның ішінде балаларды дәретханаға байлап қойған №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып (қылмыстық іс әлі тергелуде), мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдады.

І топтағы мүгедек Жанат ЕСМАҒАМБЕТОВАНЫҢ айтуынша, ол министрге мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты оннан астам мәселе ұсынған. Бірақ көптеген мәселе бойынша жауаптары онша көңіл көншітпеді.

- Ерлан Мұратұлының қабылдауында болып, жауаптарын естігеннен кейін, мен қазақстандық мүгедектердің құқығы қорғалмағанын, біздің проблемаларымыз ешкімге қажет емес екенін түсіндім. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін коммуналдық тарифтерге жеңілдік қолдану мүмкіндігін қарастыру туралы ұсынысыма ол маған бұл ешбір елде қарастырылмаған деп түсіндірді. Бізге басқа ел не керек, біз өз еліміз туралы, өз проблемаларымыз туралы айтып отырмыз ғой, - дейді Жанат Есмағамбетова. - Мен сондай -ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдетілген интернет тарифін бөлуді сұрадым. Ол: «Мүгедектердің бұған не қатысы бар?» деді.

Арбаға таңылған мүгедек, көпке танымал қоғамдық белсенді Гүлназ ҚОСМҰРЗИЕВАНЫҢ да бұл қабылдаудан көңілі қалды:

- Әлеуметтік қорғау министрлігі кедергі жасамай, бізді қорғауы керек.

«АЖ» жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түсініктеме алуға тырысып көрген еді, бірақ сәтсіз болды.

Фархат ӘБІЛОВ

27 қыркүйек 2021, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.