Атырау, 25 сәуір 17:40
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Талибан Тәжікстанға қандай айып тақты

962 просмотра

Ауғанстандағы Талибан үкіметі басшысының орынбасары Абдул Гани Барадар Тәжікстан елдің ішкі мәселесіне араласып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады sputnik.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Әр әрекетке қарсы әрекет болады", - деді ол Al-Jazeera арнасына берген сұхбатта.

Тәлібтер Тәжікстанмен шекарадағы Тахар провинциясына мыңдаған арнайы жасақ әскерін аттандырғанын мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Талибан үкімет әскеріне қарсы шабуылды күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кірді. Келесі күні олар соғыстың аяқталғанын хабарлады. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскері Кабул әуежайынан шығып кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді. Жиын барысында Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты шұғыл әрекет ету шаралары және Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Президент тапсырмасына орай, 9 қыркүйекте қорғаныс министрлігінің ұшағымен Ауғанстаннан елге 35 этникалық қазақ оралды.

17 қыркүйекте Душанбеде өткен саммитте Қазақстан президенті Ауғанстанның болашақта бейті ел болады деген сенім білдірді.

27 қыркүйек 2021, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.