Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 53 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 41 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 2 науқас анықталған, Индер ауданында - 2, Махамбет ауданында - 3 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 23 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 30 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 173 адам емделді.
Қазір 862 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 115, екінші облыстық ауруханада – 71 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 5,
аудандық инфекциялық стационарларда - 62. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 74 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.