Атырау, 29 наурыз 12:37
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау облысында бір тәулікте 68 адам Covid-19 жұқтырған

1 603 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 68 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 45 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 6 науқас анықталған, Индер ауданында - 2, Қызылқоға ауданында  - 5, Исатай ауданында - 1,  Қызылқоға ауданында - 5, Құрманғазы ауданында - 2, Мақат ауданында- 3, Махамбет ауданында - 2 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 46 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 22 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 237 адам емделді.

Қазір 1 073 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 116, екінші облыстық ауруханада – 84 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 10,
аудандық инфекциялық стационарларда - 72. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 75 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

24 қыркүйек 2021, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.