Атырау, 19 сәуір 04:45
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мұнайшылар құтқарған аққулар әрі қарай солтүстікке ұшып кетті

4 388 просмотра

Мақат ауданының Қошқар кен орнындағы сордың құрсауына түсіп қалып, жергілікті мұнайшылар құтқарып алған аққулар өз бағытымен әрі қарай ұшып кетті. Бұл туралы «АЖ»-ға жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВ хабарлады.

- Біз бүгін кешегі аққулар жеткізілген Соколок өзенін тексердік. Олар ол жерде жоқ болды. Бұл олардың жағдайы жақсы және әрі қарай өз бағытымен ұшып кеткенін білдіреді. Жылдың осы уақытында аққулар солтүстік өңірлерге Атырау облысы арқылы ұшып өтеді. Олар Иран мен Африкадан ұшып келе жатыр. Түнде ай сәулесімен мұнайлы сор оларға таза су болып көрініп, сол жерге қона салған болу керек. Кейін қанаттарына тұз қатып, ұша алмай қалды. Мұнайшылардың көмектескені жақсы болды, - дейді Иманғалиев.

Оның айтуынша, енді пеликан мен фламинго біздің облыс арқылы ұшып өту керек. Бұл ретте қызғылт фламингоның жартысына жуығы біздің Жылыой ауданында және Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде қалып қояды. Ал пеликанның көбі Құрманғазы, Исатай аудандарының тұсындағы Каспий теңізінде Маңғыстау облысының шекарасына дейін қалады. 

Айнұр САПАРОВА

15 сәуір 2021, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.