Атырау, 25 сәуір 18:04
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өмірден озды

3 039 просмотра

Қазақтың танымал "Нұрикамал" әніне арқау болған еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрикамал Сейітжанова 72 жасында көз жұмды, деп хабарлады Мәдениет министрлігі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нурикамал Сейітжанованың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

"Нурикамал апамыз кейіпкер болған əсем де сырлы əн халықтың көкейіне қонып, есімі ел аузында жүрген өнер жұлдыздарының репертуарынан ойып тұрып орын алды. Ақсұңқар ақын Серік Тұрғынбекұлының "Əн қалды махаббаттың белгісінде" атты өлең-эссесі осынау ұлы сезімді арқау еткен өшпейтін өлең, əуезді əннің тарихын оқырман қауымға паш етеді", - деді министр.  

Сонымен бірге мемлекет тарихы институтының ұжымы Нурикамал Сейітжанқызының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл білдірді. "Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді", - делінген институттың желідегі жазбасында. 

Нурикамал Сейітжанова 1949 жылдың наурызында дүниеге келді. Еңбек жолын жұмысшы ретінде бастап, кейін Торғай облысының мәдениет басқармасында, Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының атқарушы хатшылығында басшылық қызметтерде болды. Ақмола облысының ақпарат және қоғамдық келісім, мәдениет басқармаларында жұмыс істеді. Сонымен қатар, мемлекет тарихы институтында кадр бөлімінде қызмет атқарды

15 сәуір 2021, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.