Атырау, 29 наурыз 11:56
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанда карантин күшейтілді – бүгіннен бастап жаңа қаулы күшіне енді

3 027 просмотра

Қазақстанда "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылар әуежай мен теміржол вокзалына кіргізілмейді деп хабарлайды sputnik.kz.

Тиісті қаулыға көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалина қол қойды.

Оған сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрған өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалы ғимараттарында жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушыларды кіргізуге шектеу енгізіледі.

15 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.


15 сәуір 2021, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.