Атырау, 20 сәуір 03:49
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қырғызстандағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы қамауға алынды

2 525 просмотра

Қырғызстанда құқық қорғау органдары мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен екі азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейін БАҚ өкілдері тұтқындалғандардың бірі Қырғызстандағы қазақ диаспорасының басшысы Марат Тоқтаучиков екенін мәлімдеді. Алайда Қырғыз Республикасы қазақтары қауымдастығы Facebook әлеуметтік желісінде Тоқтаучиков қазіргі уақытта диаспораның басқарма мүшесі емес екенін жазған.

Кеше Бішкек аудандық соты ұсталғандарға қатысты тергеу изоляторына қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлады Первомай аудандық сотының баспасөз қызметі.

"Бішкек сотының 2021 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен күдікті К. М. С-ға қатысты 2021 жылғы 14 маусымға дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдікті Т. М. А-ға қатысты 2021 жылғы 13 маусымға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді сотта.

Бұған дейін Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті іс материалдары құпияда екенін хабарлады.

"Қылмыстық іс материалдарын құпияда сақтау дәрежесіне байланысты күдіктілер жасаған қылмыстың мән-жайы тергеу нәтижесі бойынша жарияланады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, ҰҚК Қырғыз Республикасының қолданыстағы заңнамасында осы қылмысты жасағаны үшін 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін айтты.

Айта кетейік, Жогорку Кенештің (Қырғызстан Парламенті) отырысында депутат Гүлшат Асылбаева Тоқтоучиковтың ұсталуына қатысты түсініктеме берген болатын. 24.kg мәліметі бойынша, Гүлшат Асылбаева 2018 жылдан бастап Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығын басқарады.

"БАҚ-тан тексерілмеген ақпаратты жарияламауды және қоғамдық ұйым мен оқиғаны байланыстырмауды сұраймыз. Тағы бір өтініш - ұсталған адамның ұлтына назар аудармау, құрамына ісіне лайықты адамдар кіретін ұйымға көлеңке түсірмеуді сұраймыз. Жаман адам кез келген халықта болады. Ол ұлтына байланысты емес", — деді Гүлшат Асылбаева.


15 сәуір 2021, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.