Атырау, 29 наурыз 12:51
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда кеше 113 адамнан коронавирус анықталды

2 459 просмотра

Атырау қаласы қауіпті инфекцияның таралу  ошағы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. Ал, скрининг нәтижесінде қауіпті індет Теңіз кен орнынан 8 адамнан расталған. 
Аудандарға келетін болсақ,  бір тәулік ішінде Жылыой ауданының 6, Индер ауданының 2, Мақат ауданының 1, Құрманғазы ауданының 5 және Махамбет ауданының 5 тұрғынында Covid-19 анықталды.
Коронавирус  инфекциясынан емделіп жатқан 59 науқаста аурудың белгілері бар, ал 54 адамда ол байқалмайды. 
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 79 адам сауығып шықты.

Стацинарлардың жүктемесі туралы ақпарат 

15 сәуірдегі мәліметке сәйкес, коронавирустан 499 адам емделуде. Жүктеме 25,8% құрайды (1993 орын): 
- үй жағдайында 835 адам ем алуда;
- модульді ауруханада -175 пациент; 
- облыстық аурухананың инфекциялық стационарында - 81 пациент;
- аудандық инфекциялық стационарларда - 119 пациент;
- Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 124.
Реанимацияда 27 пациент жатыр, олардың 7-еуі өкпені жасанды желдету аппараттына қосылған. Жүктеме 38% құрайды (71 орын).

Вакцинация бойынша мәлімет

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының I компонентін 1186 адам алды. Оның ішінде 30 медицина қызметкері, 33 педагог, 51 полиция қызметкері, 3 студент, 49 құқық қорғау органдарының қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 34 созылмалы аурумен ауыратын және 968 жергілікті тұрғын бар. 

1 ақпан мен 14 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен 11235 адам вакцинацияланды. II компонентпен 2893 адам егілді.


15 сәуір 2021, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.