Атырау, 20 сәуір 17:41
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қошқарлық мұнайшылар бес жұп аққуды құтқарды. Әсерлі көрініс

Сурет Бейнежазба
4 142 просмотра

13 сәуірде әлеуметтік желіде Мақат ауданының Қошқар кен орнындағы мұнайлы сорда тұрып қалған ақ аққулар туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар, жергілікті мұнайшылардың осы құстарға көмек қалай көрсеткені бейнеленген фото және бейнежазба да тарады.

Видеоның бірінде кадр сыртындағы дауыс былай дейді: "Тұздан қанаттары жабысып қалған аққулар ұша алмай тұр. Лугзана, оларды сіз алып кетіңіз".

Лугзана деген белгілі зоотехник-волонтер Лугзана БАЙЛАУОВА деп ойлап, біз онымен байланысқан едік, қателеспеппіз. Оның айтуынша, бұрғылаушылардың бірі оған аққулар туралы хабарлап, оларды құтқаруды өтінді.

- Мен бүгін сол жерге барып, бұл туралы әлеуметтік желіде жаздым. Олар түнде, судың қандай екені көрінбейтін кезде ұшып келген шығар. Олар түні бойы лас тұзды суда болып, содан зардап шеккен шығар. Жұмысшылар оларды көріп, бірден шығарып алып, су берген! Қазір аққуларға оңалу керек және таза өзен суы қажет, - дейді Лугзана. - Алдымен жұмысшылар 2 аққуды көрген, кейін тағы 3, сосын одан да көбейген. Барлығы 12 аққу табылды, бірақ, өкінішке орай, екеуі опат болды. Қалғандары - бес жұп , аналық және аталық аққулар.

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, құстарды "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау «Сервистік бұрғылау кәсіпорны» ЖШС мердігерлік компаниясының қызметкерлері құтқарған.

- «Ембімұнайгаз» АҚ аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясының бастығы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВТІҢ өтініші бойынша қазір Қошқар кен орнынан Соколок өзеніне дейін аққуларды тұщы суға, яғни табиғи мекендеу ортасына тасымалдауды қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды ЕМГ баспасөз қызметі.

Біз осы аққуларды құтқаруға атсалысқан № 4 бұрғылау бригадасының бастығы Ринат ТОҚТАБАЕВПЕН байланысқа шықтық. Ол бұл жағдайдың қалай болғанын айтып, кейін Соколок өзеніне аққуларды жеткізу үшін келген көліктің суретін жіберді.

- Біз таңертең сор жағалауында ұшып кете алмай жүрген екі аққуды көрдік. Оларды құрлыққа шығардық, бірақ ұшып кетпеді. Содан кейін олардың қанаттарында  тұз қатып қалғанын байқадық. Оларды жуындырып алсақ, айналамызға тағы да аққулар жиналып қалды. Барлығы 12 болды. Бірақ біреуі өлген, ал екіншісі оны құрғақ жерге апарғаннан кейін көз жұмды. Енді тағы біреуі қиналып тұр, таңертеңге дейін шыдаса жақсы деп қорқып отырмын. Мен оларға мезгіл-мезгіл су бүркіп қоямын. Көлік бір сағат ішінде келеді деді, әйтпесе жануарлар дүниесі инспекциясындағылар бізге тек ертең таңертең келе алатынын айтты, - деді бізге Ринат «Ембімұнайгаздың» автокөлігі келгенше.

Айнұр САПАРОВА 

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден және Ринат Тоқтабаевтан алынды

14 сәуір 2021, 03:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.