Атырау, 29 наурыз 15:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау»-дың жаттықтырушысына қолдау, ал жанкүйерлеріне нәтиже керек

Сурет Бейнежазба
2 729 просмотра

12 сәуірде чемпионаттың басталу кезеңіндегі «Атырау» ФК ойынына (4 бірдей жеңіліс) наразы болған жанкүйерлер тобы «Мұнайшы» орталық стадионында жиналды. Олар әлі де «Атырау» ФК қазіргі иесі әрі басшылығының кетуін, бас бапкердің ауысуын және клубты бұдан әрі облыс әкімдігінің балансына қайтарып, сенімгерлік басқару туралы шарттың күшін жоюды талап етеді.

Естеріңізге сала кетсек, біріншіліктің басталуымен команда «Шахтер» (0:1), «Ақтөбе» (1:3), «Ақжайық» (0:1) және «Астана» (2:6) командаларынан ұтылды.

Жанкүйерлер әзілдеп отырған жоқ.

Жанкүйер Жалғас КҮЗЕМБАЕВ

- Егер команда келесі матчта да лайықты нәтиже көрсетпесе және содан кейін біздің талабымыз орындалмаса, біз көшеге шығып, облыс әкімдігі алдында наразылық білдіреміз. Бізді естісін, Президент әкімшілігіне жазамыз! – дейді жанкүйерлердің бірі Жалғас КҮЗЕМБАЕВ.

Келесі матч 14 сәуірде өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен өтеді.

Кездейсоқ сәйкестік пе, жанкүйерлердің акциясы кезінде стадионда «Атырау» командасының жаттығуы өтіп жатты. Ол жерде «Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС директоры Қоныспай ШПАНОВ болды. 

Қоныспай ШПАНОВ

«Жанкүйерлердің талабына қандай жауап айтасыз?» деген «АЖ» сауалына ол: «егер «Жетісумен» ойында біздің команда ұпай жинамаса, онда отставкаға кетемін» деп жауап берді.

- Ал сіздің ойыңызша, команданың аяқ алысы неге соншалықты сәтсіз болды?

- Менің ойымша, әлі тәжірибе аз, уақыт керек.

Жанкүйерлер «Атырау» ФК құрылтайшысы Азат ҚАЗИХАНОВ пен бас бапкер Арам ВОСКАНЯНДЫ шақыруды талап етті. Қазиханов болған жоқ, ал Восканян жаттығу аяқталғаннан кейін жақындады. Жанкүйерлер оны сұрақтың астына алды:

"Атырау" ФК бас бапкері Арам ВОСКАНЯН

- Міне, төрт ойын өтті, бірақ сіз матчтан кейін бірде-бір баспасөз конференциясын өткізген жоқсыз. Неліктен?

- Қазір карантин шектеулеріне байланысты ешкім баспасөз конференциясын өткізбейді .

- Осы жылы құрамды кім жинады, сіз бе, әлде клуб әкімшілігі ме?

- Әрине, түйінін өзім айтамын ғой.

- Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Бірінші лига топтарға бөлініп ойнады.  Сонымен қатар, оңтүстік өңірдің "Мақтаарал", "Қыран", "Сұңқар" сияқты жақсы командалары басқа топтарға түсті, ал сіздің қарсыластарыңыздың дені жасөспірімдер болды, сондықтан сіз Премьер-лигаға оңай оралдыңыз. Бірақ жоғары дивизионға дейін құрамды күшейту керек еді ғой!

- Сұрағыңыздың төркіні неде?

- Неге қазір осындай төмен нәтиже көрсеттіңіздер?

- Әрине, мен де сізден бетер алаңдаймын. Түсінемін - иә, нәтиже әлі жоқ. Егер сіз баспасөз беттерін қарап көрсеңіз, 1-ші және 3-ші тур матчтарынан кейін біздің пайдасына шешілмеген қателіктер үшін екі төреші шеттетілді. Содан кейін олар абайсызда қателескенін айтады, бірақ одан нәтиже өзгермейді ғой.

- Премьер-лиганың алғашқы алты командасына кіру міндеті қойылды. Бірақ осындай ойынмен бұл мүмкін бе? Біздің ойымызша, бұл өлмешінің күні сияқты, тіпті үміт те аз.

- Мен сізге құрметпен қараймын, бірақ қазір ойынды талқыламайық, әркім өз ісімен айналыссын. Иә, нәтиже әлі жоқ, бірақ оның объективті және субъективті себептері бар. Қазір бұл туралы көп айтқым келмейді, бірақ ойыншылар жаңа ғана жиналды, визамен проблемалар болды... Матчтарды біз ойыншылармен бірге сұрыптаймыз, қай тұста қате жіберілгенін түсіндіремін. Мен сізден қазіргі қиын кезеңде командаға қолдау көрсетуді өтінемін. Ал қазір бізге қиын.

- Сіз бірінші лигаға түсіп кеткенде де біз сіздерді қолдадық. Бірақ қашанға дейін осылай жалғаса бермек?

Тағы бір жанкүйер алдағы матчқа дайындық кезінде жаттықтырушыға түсіністікпен қарауды өтінген Шпановтың сөзіне ашуланып жауап берді:

- Үш жыл бойы біз қолдап, үміттеніп келеміз, алайда есесіне нашар ойын және жиіркенішті нәтиже көріп отырмыз!

Әзірге осылай деп тарасты.

Айнұр САПАРОВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

13 сәуір 2021, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.