Атырау, 20 сәуір 13:15
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Жол апатына аудандық полиция бөлімінің бастығы мен уақытша қамау изоляторының бастығы түсті

Сурет
4 042 просмотра

11 сәуірде таңғы сағат 11 шамасында Доссор – Атырау трассасында полицияның «Нива» автокөлігі жол апатына ұшырады. Көлікте Мақат аудандық полиция бөлімінің 30 жастағы уақытша қамау изоляторының бастығы және 35 жастағы Доссор аудандық полиция бөлімінің бастығы болды.

- Жол-көлік оқиғасы полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін орындау кезінде орын алды. Көлік жолдан шығып кетті. Көлік апаты  кезінде «Нивада» екі полиция қызметкері болған. Себебі анықталуда, - деп түсіндірді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған полиция қызметкерінің мас екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде орташа ауыр халде жатыр. Доссор АПБ бастығының белі аздап зақымданған болса, УҰИ бастығының бас миы соғылған. 

ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі («механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, бұдан бөлек қызметтік тексеру жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ 

Сурет әлеуметтік желіден алынды

13 сәуір 2021, 02:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.