Атырау, 24 сәуір 06:13
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Есірткі сатушы діни экстремист болып шықты

3 507 просмотра

Есірткі сатып, терроризмді насихаттағаны үшін Атырау тұрғыны жалпы режимдегі колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. 

Естеріңізге салсақ, осы жылдың мамыр айында Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың бірін ұстанатын 32 жастағы адамды қолға түсірді. Ер адам синтетикалық есірткіні сатқан кезде ұсталды, бірақ бұл ол айыпталған жалғыз қылмыс емес екен.

- Тергеу барысында оның ДАИШ тобындағы (Қазақстанда тыйым салынған террористік топ) содырларға қосылуды жоспарлап, өзінің таныстары арасында терроризмді насихаттаумен айналысқаны белгілі болды, - дейді Атырау облысы ПД басшысының орынбасары Нұрхат ОРАЗБАЕВ.

Психологиялық-филологиялық сот сараптамасы қорытындысына сәйкес, оның мәлімдемелерінде терроризмді қарулы жиһад түрінде насихаттау және дәріптеу белгілері болған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде ер адам кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасауға ниет білдірді. Кейіннен сот оны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша - есірткі сақтау мен сату және телекоммуникация желісін пайдалану арқылы терроризмді насихаттау баптары бойынша кінәлі деп тапты.

Кінәсін мойындағаны және процессуалдық келісім жасалғаны ескеріліп, сотталушы қауіпсіздігі орташа мекемеде (жалпы режимдегі колонияда) 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 қыркүйек 2020, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.